Жоғарғы қабаттағы пәтерлерден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды

Жоғарғы қабаттағы пәтерлерден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Lada.kz

22 жасар жігіт 11-қабаттағы пәтерге заңсыз кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кетті деген күдікпен ұсталды.

Алматы полицейлері қылмыстық әрекеті ерекше 22 жасар жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, көбінесе жас жігіт бөтен адамдардың үйлеріне терезе арқылы енеді, бұл пәтерлер үйлердің жоғарғы қабаттарында орналасады.

«Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері 1999 жылы туған К. есімді азаматты ұстады. Қылмыстардың жасалу әдісіне қарағанда, жігіт осыған ұқсас бірнеше ұрлыққа қатысы болуы мүмкін. Оның соңғы эпизоды Навои көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Ол терезе жақтауын қысып алу арқылы ғимараттың 11-қабатындағы пәтерге заңсыз кірген және сол жерден жасырын түрде ірі көлемдегі алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Қазір біз оның терезеден қалай ұрлық жасағанын және бұл қылмыстарды қаншалықты жиі жасағанын анықтап жатырмыз. Айтпақшы, күдікті бұрындары ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша жауапқа тартылған», – деп хабарлады Бостандық аудандық ПБ бастығы Батур Абдумасаров.