Жатақханаға басқа орын таңдалады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданы тұрғындарының өтініштеріне орай, 9 қабатты жатақханаға арналған жерге балабақша мен спорт алаңдарын салу туралы шешім қабылдады.

Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініштерін білдірген еді. Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.

«Аталған жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім қабылдадым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, тұрғындармен кездесуде бұл жерге 120 орынды балабақша, спорт және воркаут алаңдарын салу жөнінде ортақ шешім қабылданды.

«Ата-аналар балаларға арналған қосымша оқыту мен дамыту орталықтарын құру қажеттігін айтты. Бұл ретте «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубтарының тәжірибесі негізінде тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашамыз», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында қала әкімі ықшамауданның құрылыс салуға тыйым салынған аймақтарда орналасқан бос жерлерін де қарап шықты. Мұнда жайлы жасыл қоғамдық орындарды құру жоспарлануда.

Еске салсақ, Назарбаев даңғылында тұратын тұрғындардың өтініштері бойынша Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылған болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *