Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр – министрлік

Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр – министрлік
Cурет: Baq.kz

67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Қазақстанда 20 096 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (–17 430+ және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 536 пациент стационарда, 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 294 адамның жағдайы ауыр,
• 89 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.