Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы бар

Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы бар
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеп тұрды. Оның 32,7 %-ы мемлекеттік меншікте, қалғаны - жекеменшік. Ойын-сауық саябақтарының 19,2%-ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлік бөліністе демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көп саны Түркістан облысында (27 саябақ) Астана қаласында (22 саябақ), сондай-ақ Алматыда (20). Жетісу облысында ең аз – 1 саябақ,-деп жазады ҚазАқпарат.

«Ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 184,6 мың га құрайды. Онда барлығы 3 848 ойын-сауық нысаны бар, оның 1465 - аттракциондар, 1642 - ойын автоматтары, 741-басқа түрлері», - деп жазды ведомстводан.

2022 жылы демалыс орындарына 14,2 млн адам барған.