Горбачевтi тәубесiне келтiрген Рейган едi

Американың 40-шы президентi атақты Рональд Рейган егер тiрi болғанда бұл күндерi 100-ге толады екен. Бөспелiгiмен талайды таңқалдырған КСРО-ның бiрiншi және соңғы президентi М.Горбачевтi «Дос  болған жақсы, бiрақ оны да тексеру керек» деген атақты афоримзiмен аптығып басқан Рейган едi бұл.

Қалай болғанда бұл кiсiнiң көзi тiрiсiнде қалай сүйкiмi бар болса, өлгеннен кейiн тiптi сүйкiмi артып кеттi. Ол жөнiнде жүздеген кiтап жазылған болар, әйтсе де оның ел арасында беделдi болуының сырын тарихшылар әлi де толыққанды түсiне алған жоқ.

Былай қарасаңыз динозаврлардың болғанына сенбей, жердiң жаратылысын Iнжiлде айтылғандай 6 мың жыл деп қана түсiнетiн, әлем ғылымының бастауында тұрған Батыстағы ұлы державаны басқарған адамның бұл түсiнiгiне таңқалуыңыз да мүмкiн. Ал, ендi мына қызыққа қараңыз: түсiнде бөгде планетаның жасыл адамдарын көрiп, келесi күнi олардан қорғану үшiн бiрлесiп қимылдауымыз керек деп Горбаечевқа телефон шалған адамның АҚШ-ты басқаруы мүмкiн бе? Сондай-ақ қытай көсемдерiнiң аты-жөнiн бiлмейтiн адам Ақ үйде неге отырған деп тағы да ойларсыз.

Солай. Рейган осындай көп кемшiлiгi болған адам-президент.

Неге?

Менiмше, – деп жазады атақты журналист Мэлор Стуруа («Рональд Рейганның харизмасының жұмбақтары», «Известия», 4.02.2011) – бұл құбылыстың сырын сiрә, мына бiр төңiректен iздеген қисынды болар. Осынау ұлы Президент ең алдымен, орташа, өте қарапайым, кәдiмгi американдық едi. Ол өз бойына халқының сергек көңiлi мен оптимизмiн жиған адам. Ол өз халқының тарихына құрметпен қарады. Мүмкiн ол халқының талаптарын түсiне бермеген болар, бiрақ, ол халықтың өзiнен не естiгiсi келетiнiн жақсы бiлетiн. Сондай-ақ, айтқан сөзi нысанаға дөп тиетiн. Оның жолы болғыш едi. Тiптi, қастандықтың өзi оны айналып өттi.

Рейган АҚШ-ты дүние тарихындағы бiр мазасыз кезеңде басқарды. Бұл кезде құдыреттi Кеңес Одағының iргесi де шайқала бастаған едi. Ол Кеңес Одағын «Өшпендiлiк империясы» деп атады. Бұл сөздiң жаны да бар болатын. Дәл осы кезде билiк басына М.Горбачев келдi. Қайта құру басталды. Әуел баста Рейган оған күдiкпен қарады. Алайда, Британ премьер-министрi Маргарэт Тэтчердiң ықпалымен қайта құрудан үмiт күткендей едi. Ақыры Горбачевтiң шақыруымен Рейганның Мәскеуге жолы түстi. Ақиқатына келгенде бұл тарихи сапар едi. Сапар кезiнде Рейган жазушылар Одағының Емен залында астананың зиялы қауым өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Сол кездесуде мен Рейганға «Сiз әлi де КСРО өшпендi империя» деген пiкiрiңiзде қаласыз ба?» деген сұрақ қойды. Ол «Жоқ» деп жауап бердi. Дейтұрғанмен, Рейган сол жолы табыттың қақпағын серпiп жапқандай әсер қалдырып, бiр түрлi сыр бермеп едi.

Мэлор Стуруа айтса айқандай, құдыреттi империя Кеңес Одағы да көп ұзамай келмеске кеттi.

Алайда, халықаралық саясат кеңiстiгiнде Рейганның Горбачевтi талай мәрте тұқыртқаны қазiр аракiдiк дуалы ауыз саясаткерлердiң әңгiме арқауына айналуы да тегiн емес қой.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close