Есiрткi қоймасы тоңазытқыштың тасасынан табылды

Бұл жолғы аса iрi есiрткi  сатушы – 43-жастағы жергiлiктi тұрғын. Өз «бизнесiн» қала орталығындағы 3 бөлмелi пәтерiнде жандандырған Таняға нашақор бiткен үйiрсектей бастады.

– Осыған дейiн назарымызға есiрткiнiң аса ауыр түрiн саудалаған бұл әйелдiң күйеуi iлiккен. Айғақ заттарымен қолға түскен ерi бес жылға бас бостандығынан айырылған.  Ол күйеуiнiң тұтқындалғанына қарамастан, тұтынушыларына саудасын жалғастырған. Татяна сақ қимылдап, есiрткiнi тек сенiмдi клиенттерiне сатқан, – деп хабарлады Алматы қалалық IIД Есiрткi бизнесiне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов.

Есiрткiге қарсы күрес қызметiнде қара тiзiмiне iлiккен бұл әйелдiң әрекетiн жедел топ бұдан бұрын да бiрнеше рет аудио және бейне түсiрiлiммен бақылаған. Әлгi әйел кезектi тұтынушысына бiрнеше шек героиндi сатпақ болғанда тұтылған.

– Арнайы шара кезiнде алдын ала өңделген 14 мың теңге ақша, кәмпит қағазына (жасыл түстi) ұқыпты оратылған есiрткi тәркiлендi. Пәтердi тiнту кезiнде асүйдегi тоңазытқыш  артынан героин есiрткiсi сақталған құпия орын табылды. Тәркiленген есiрткi заттары сот-химиялық сараптамаға жiберiлдi. Сараптама қорытындысынан соң «ақ ұнтақтың» нендей зат екенi мәлiм болмақ, – деп түйiндедi басқарма бастығы.

Татяна есiрткi саудасын екi кiшкентай қызының көз алдында жасаған. Ол бұл қылмысқа бауырларының азғырумен барғанын айтып ақталуда. Мұның жауабы жуықта нақтыланатын болады.

Арман ЖУСАНБАЙ,

Алматы қалалық IIД баспасөз қызметiнiң аға инспекторы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *