«Думандық» қариялар метроны аралады

8

Негiзi «халық қалаулысы» деген сөз жылы естiледi. Және депутаттарды осылай атаған дұрыс. Өйткенi, халықтың ойынан шығып, олардың қалап алған адамы қай жерде де елдiң жыртысын жыртуы керек. Құдайға шүкiр, қазiргi депутаттар арасында мұндай жандар жетiп-артылады. Мысалы, былтыр Медеу ауданы «Думан» ықшамауданының тұрғындары Алматыда елiмiздегi тұңғыш метрополитендi салуға үлкен үлес қосқан Мұратбай Өкшебаевқа үлкен сенiм артып, 90 пайыз дауыспен қалалық мәслихатқа депутат етiп сайлаған едi. Өйткенi, кезiнде Одақтағы ең маңызды құрылыстардың бiрi – БАМ-ды салуда әбден шыңдалған бұл азамат депутат ретiнде де халық сенiмiнен шыға бiлдi.

Әрине, М.Өкшебаев ықпал еткен жұмыстар баршылық. Бiрақ, бiз бүгiн Мұратбай Таңқыбайұлының ардагерлерге көрсеткен қайырымдылықтарына тоқталып өтсек деймiз. Өйткенi, жасы жер ортадан асқан қарияларға ең керегi iлтипат, жылы қатынас қой. Бұл ретте, Мұратбай iнiмiз сайлаушыларын қабылдау кезiнде олардың өтiнiш-тiлегiн жазып алып, оң шешiлуiне мұрындық болып жүр. Әсiресе, Наурыз, Жеңiс күнi, Тәуелсiздiк, Құрбан айт мереке-мейрамдарында соғыс ардагерлерiне, тыл еңбеккерлерiне, ардагер-зейнеткерлерге, мүгедектер мен тұрмысы төмен жандарға материалдық көмек берiп, дастархан жайып отырады. Одан қалды, жақында М.Өкшебаев «думандық» 15 қарияны метрода тегiн қыдыртып, әр стансаның ерекше әсем көркiмен таныстырды. Осында бұл метрополитен әлемнiң 40 елiндегi метролар iшiнде көркi мен басқа ерекшелiктерi жағынан 7-орынды алатынын естiп қуанып қалдық.

Метроны аралап болғаннан кейiн қарт зейнеткерлер – Райымбек ауданының құрметтi азаматы Жақан Мұқаев, Еңбек Ерi Жолсейiт Молдасанов, соғыс ардагерi Камал Үмбетаев және басқалар Мұратбай Өкшебаевқа ақ баталарын берiп, арнайы бөлiнген автобус қарияларды үйдi-үйiне жеткiзiп салды.

 

Iсләм IРГЕБАЙ, «Думан» ықшамауданы ақсақалдар алқасының төрағасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close