BMW электрокар шығарды

BMW электрокар шығарды
Сурет: Wroom.ru

BMW қалдықтардан көлік құрады

BMW қалдықтардан жасалған экологиялық электрокарды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мюнхен қаласындағы автокөрмеде BMW автоконцерні тұтынушылар назарына қайта өңделген материалдардан жасалған экологиялық таза электрокарды ұсынды.

Жұмыртқа пішіндес темір тұлпарда тері мен бояу қолданылмаған және құрылғылар панелі жоқ. Ең бастысы, қоршаған ортаны қорғау үшін хром мүлде пайдаланылмаған. Ал көліктің барлық бөлшектері 3Д принтерінде дайындалған.

Мамандар электрокарды қайта өңдеуден өткізуге болатынын айтады. Ал бірегей көлікті жаппай сатылымға шығару 2040 жылға жоспарланған.