«Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының авторы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына енді

«ADAL» партиясының хатшысы әрі Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) жаңартылған құрамына кірді.


ҰҚСК консультативтік-кеңесшілік орган болып табылады. Оның қызметінің негізгі мақсаты — қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен бастамалар әзірлеу.
Айта кетейік, Эльдар Жұмағазиевтің мемлекеттік басқаруда, сондай-ақ БАҚ, қоғамдық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту саласында үлкен кәсіби тәжірибесі бар.
Көп жылдар бойы ол өңірлік бас медиахолдингтің — «Атырау — Ақпарат» КМК, Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының кеңесшісі, осы палата басшысының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Эльдар Тынышбайұлы — барлық посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ «Бастау» және «Жас кәсіпкер» табысты жобаларының идеологы және авторы. Оның басшылығымен және авторлығымен бұл бастамалар елде ауқымды және табысты іске асырылуда.

2017-2020 жылдары жобаны іске асыру қорытындылары бойынша барлығы 152 128 адам оқытумен қамтылды, оның ішінде 39 070 адам бизнесін ашты немесе кеңейтті. ШОБ өсімі 2,5% құрады. Өнім мен қызмет көлемі 227,6 млрд.теңгені құрады.

40 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Оқуды аяқтаған азаматтардың 93% тұрақты түрде салық төлейді, 2017-2019 жылдар аралығында 802,8 млн. теңге сомаға салық төленді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *