Алматыда тергеу изоляторынан тағы 8 адам босап шықты

Алматыда тергеу изоляторынан тағы 8 адам босап шықты
Сурет: Inform.kz

Жазықсыз сегіз адам бостандыққа шықты

Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды. Олардың тізімін «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы Facebook-те жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін Алматыдағы «СИ-18» тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды.

Олар: 1. Керімбек Ғ. 2. Ерзат Ө. 3. Рысбаев С. 4. Танкиш Е. 5. Жақсылық Ш. 6. Ахметов А. 7. Қарсыбаев Ж. 8. Тасжүреков Б. Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің «Аманат» комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам — Тимур Ким кешке дейін босатылатын болды», - деп жазды Уайс Ерсайынұлы.

Оның айтуынша, тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр. Бұған дейін «Аманат» комиссиясының араласуымен Алматыда жазықсыз қамалған 36 адам, оның ішінде екі бала бостандыққа шыққанын жазғанбыз.