Әлемде туристер ең көп баратын мешіт белгілі болды

Әлемде туристер ең көп баратын мешіт белгілі болды
Сурет: Islam.kz

Мұсылман әлемінде меймандар тамашалайтын ең көрнекті мешіттердің бірі әрі бірегейі – Зайда құлшылық үйіне ағыған туристер қарасы өткенн жылы 70%-ға артқан, дәлірегі, 2023 жылы аталмыш ғибадат ғимаратына 5 501 420 адам бас сұққан, олардың 1 409 947-ы ғана мұсылман.

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде WAM ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бірікен Араб Әмірлігі аумағында, яғни, Әбу-Даби қаласында орын тепкен мешітке тек туристер ғаа емес, сонымен қатар, аталған араб еліне ат басын тіреген сыйлық қонақтар, соның ішінде, мемлекет басшылары, дипломаттар, т.б. қарасының өзі әжептәуір. Мешіт меймандарының 74%-ы жекелеген тұлғалар болса, тобымен келіп тамашалағандар қарасы 26%-ды құраған. Ресми делегациялар, соның ішінде үкіметтік және білім беру, дипломатиялық және т.б. 20 172 адамға артқан. 25 пен 35 жас аралығындағы түрлі елдерден келгендер саны мешітке бас сұққандардың ең көп үлесін құрады – 34%. Мешітке келген қонақтардың 81 пайызы шетелдіктер болды. География бойынша келушілердің ең үлкен үлесі Азияға тиесілі - 52%, одан кейінгі орында Еуропа тұр - 33% және 8%-ы - Солтүстік Америка еншісінде. Мешіт қонақтарының 23 пайызы Үндістаннан, 8 пайызы Қытайдан, 7 пайызы Ресейден келген.