ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛМЕЙТІН БОЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «БАҚ және қоғамдық келісім» атты ІV халықаралық медиа форумы өтті.

Әсел ДАҒЖАН 

Форум басталғанша респуб­ли­калық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редактор­лары мен журналистері Еуразия ұлттық университетінің Журналистика факуль­тетінде қонақта болды. Бір сағатқа созылған кездесуде дәрістер оқылып, еркін ой-пікір алмасуға уақыт бөлініп, бүгінгі журналистикадағы өзекті про­бле­малар сөз болды.

–       Дәстүрлі журналистиканың ақпа­раты құнды деп бағалайды дамыған елдер. Олар әлеуметтік желіге қара­майды. Журналистер шындыққа, ақиқат­қа қызмет етуі керек. ВВС-де 300 ғалым жұмыс істейді. Олар өздерінің аудиториясын зерттейді. Біздің БАҚ-тың жанында бірде-бір ғалым жоқ. Журналистерге экономикалық тәуел­сіз­дік ауадай қажет. «Қазақстан жері Қытайға сатылуда» деген жел сөз әлеу­меттік желіде өріп жүр. Осы тақы­рыптың нүктесін қою үшін журналистік зерттеу жасалуы керек, – деді Еуразия ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ.

Форум аясында бұдан да өзге проблемалар сөз болды. Мәселен, ұлтаралық шиеленіске дейін апаратын тұрмыстық проблемаларға дер кезінде жауап берілмесе, тиісті органдар тарапынан жауап болмаса, оның соңы қоғамда үлкен шуға айналуы мүмкін деген пікірлер айтылды. Оған қайбір жылы Қарағандыда кафеде болған төбелесті мысалға келтірді.

Бір күндік форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мемле­кеттерінен келген халықаралық сарапшылар мен шолушылар, парла­мент депутаттары, мемлекеттік орган­дардың өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ бас редакторлары қатысты.

Форум ассамблея қызметін насихат­тауға үлес қосқан журналистерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі «Шаңырақ» республикалық байқауы­ның жүлдегерлерін марапаттау рәсімі­мен аяқталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *