Талаптар орындалу керек

Рая ЕСКЕНДІР

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев карантин кезінде болған құқық бұзушылықтарға тоқталды. Мәселен, дәл қазіргі кезде ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 99 құқық бұзушылық орын алған. Олардың 55-і қамауға алынып, 43 адамға айыппұл салынса, бір адамға ескерту жасалды. Сонымен қатар, 10 кәсіпкерлік нысан иесі жауапкершілікке тартылған.
– Егер карантин тәртібін бұзып, ескерту жасалған кәсіпкер екінші мәрте құқық бұзатын болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылады, – деді Ж.Мұратәлиев.
Ал Алматы қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева азық-түлік сататын сауда орындарында кассаға кезекке тұрғанда 2 метр қашықтықты сақтау қажеттігін баса айтты:
– Егер сауда орталықтарында немесе азық-түлік дүкендерінде мұндай талаптар орындалмаса карантин енгізудің маңызы болмай қалмай ма? Сондықтан кез келген сауда орындары осы талаптарды орындаулары керек, – деді Наталья Дягилева.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *