Төле би көшесінде автобус жолағы 15 қазанда пайдалануға беріледі

17033f9df63e1c2926820ab50314037d

Төле би көшесінде автобус жолағы тек екі аптадан кейін ғана пайдалануға беріледі. Бұған дейін қала басшылығы Төле би көшесі бойындағы арнайы жолақ Яссауи көшесінен басталып, Қайырбеков көшесіне дейінгі айналма жолға дейін немесе Қонаев көшесіне дейін тартылып, бірінші қазанда ашылатынын хабарлаған болатын. Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Абай және Райымбек даңғылдарындағы жолақтарды пайдалану тәжірибесін қала басшылығы есепке алды. Енді жол қызметі Төле би көшесінде қателіктер мен кемшіліктерді болдырмау амалдарын ойластыру үстінде. Осыған байланысты жобаны толықтай аяқтау үшін қосымша уақыт сұраған. Сондықтан, арнайы автобус жолағы қозғалысы тек 15 қазанда іске қосылады.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *