Суретші танымы — бояу тілімен

Ә.Қастеев атындағы Өнер му­зейінде Қазақстан Республика­сының еңбек сіңірген қайраткері, халық­аралық көрмелердің және «Ильхам» сыйлығының лауреаты Ахмет  Ахат­тың жеке мерейтойлық көрмесі ашыл­ды. Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Б.Өмірбеков, Алматы қалалық мәслихатының депутаты А.Шардинов, Ұйғыр мәде­ни орталығының төрағасы Ш.Ну­румов, өзге де азаматтар суретші жеке көрмесінің ашылу салтанатында Ахмет Ахаттың шығармашылық әлемі туралы әңгімеледі. 

Алпыстың асуына шығып отыр­ған Ахмет Ахат Алматы педа­гогика  институтының көркемсурет-графика факультетін және ҚР ҒА Шығыс­тану институтының аспирантурасын тәмәмдаған. Түркия, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытайда жеке көрме­лерін өткізді. Еңбектері Мемлекеттік Шығыс халықтары өнері музейінде (Мәскеу), ҚР Президентінің «Ақ Орда» Резиденциясысында (Астана), Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде  (Алматы), Германия, Италия, АҚШ, Түркия, Қытай, өзге де елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы. Ахмет Ахаттың шығармашылығында ұзақ уақыт бойы екі негізгі бағыт тұрақтап қалды. Біріншісі — Қазақстанның петроглифі басты бағыт болып тұрды («Қазақстан петроглифтері» топта­масы). Ахат график ретінде адамзат мәдениетіндегі бейнелердің  алғашқы көне көркемдік бейнелілігін, қазіргі уақыт үшін өте алыс кезеңде салын­ған суреттердің ықшам мәнерлілігін асқан дәлдікпен тапқан. Жекелеген әрбір желі ерекше мәнге толы болғандықтан, суретші қолданған түрлі техника орындалған осы тақырыптың ready-made-сі қашан да,  автордың ойынша, қазіргі адамдар білуге тиіс ерте замандардан жеткен жазулардың тылсым құпиясын ашуға деген құлшынысқа толы. Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі қалалар  суретшінің келесі тақырып көзі болды (топтаманың өзі де осылай аталады). Ол шығарма­шылық жолының басында Қашқа­рия мен Тұрпан жерін аралаған Ахметжан будда ғибадатханала­рының фрескаларын зерттеді, олар­дың басқаға ұқсамайтын көркемдік сұлулығы, колористік композиция­ларының күрделілігі суретшінің есінде өшпестей болып қалды. Шығыс халықтарына арналған кес­кін­демелік жұмыстарымен жұмыс істеген кезде ол өзінің заттық бақы­лауы мен авторлық интерпрета­циясына ежелгі фресклардың түстік үйлесімін қосты. Олардың оңып кеткен қызғылт-көгілдір колориті Қашқарияның сәулеттік құрылысын сағымдай бұлдыратып, зерделі жанның көз алдында қайта бұрынғы қалпына келтіретін ыстық күнін еске түсіреді. Суретші Ахмет Ахаттың көрмесі көрермен алдында шығарма­шылық есеп беруі іспеттес.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *