Шынында тәйтіктерге «тәйт» деп отыру керек

Бұрнағы күні атақты академик, Қазақтың ұлттық тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде Ақсақалдар сенатын құру жөнінде ұсыныс айтып, ол ұсынысы Президенттен қолдау тауыпты.

Осыған орай жазылған «Алматы ақшамындағы» Қали Сәрсенбайдың «Тәйтіктерге «тәйт» дейтін тұлға керек» (15.08.2019.) атты мақаласын оқып, едәуір ойға қалдым. Шыны керек, қазір қоғамдық процестер жыл өткен сайын күрделеніп барады. Қоғамда бұрын көз көріп, құлақ естімеген жантүршігерлік қылмыс түрлері көбейді. Ол үшін не істеу керек? Меніңше, оны болдыр¬маудың, бұл сұмдыққа тосқауыл қою¬дың жолдары қай заманда да өз тәжірибемізде болған ғой. Мақалада айтылғанындай, баяғыда бір ауылға бір шалдың айтқаны заң болатын еді. Сондықтан бүгінде аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдарымыздың да бұл міндетті мінсіз атқаратынына еш күмәнім жоқ. Бұл ретте Төрегелді Шарманов басқара¬тын Ақсақалдар сенатының билер сотындай рөл атқаратынына тағы да күмәнім жоқ. Тентегі мен телісін тезге салып, турасын айтып, туғанына жақпаса бұл сенаттың сенімді ақтағаны.
Күні кеше өмірден өткен айыркөмей шешен Сейілбек Шаухамановтың мына бір сөзін қойын дәптеріме жазып қойыппын.
Жүгіріп шығар белес көп,
Алуға асқар шың қиын.
Шал-шауқан болу оп-оңай,
Ақсақал болу тым қиын.
Расында кешегі кеңестің шекпенінен шыққан шенеунік шалдардың көбінің шапағаты өзінен артылмай, ақсақал, абыз болып қалғаны некен-саяқ екені де жасырын емес қой. Демек, мақалада атап көрсеткеніндей, бұл кісілердің жылдар бойы жиған абыройы елге қызмет етуін енді жалғастыруы керек. Жұрт тұлғасына қарап бой да түзейді, ой да түзейді. Оны қиын кезеңде өзіне бағыт-бағдар беруші санайды. Сондық¬тан әбден тасыраңдан кеткен тәйтік¬терге «тәйт» деп отырмаса, енді кеш болады.
Б.СӘПИЕВ,
Алатау ауданы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *