Шымкенттік ерлі-зайыпты 50 жетім баланы қыдыртты

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ерлі-зайыпты Нұрлан Жанбосынов пен Эленора Ағабековалар қайырымдылық іс жасап, Алматыдағы «Перзент» балалалар үйінің тәрбиеленушілерін Шымкент қаласын саяхаттауға шақырды. Әмина қажы бастап келген 50 бала алдымен Шымкент қаласының саябақтарынан бастап әрі қарай Бәйдібек ата ескерткішіне, содан соң басқа да Түркістан облысының көрікті жерлерін аралады.

Эленора Ағабекова бір ай бұрын «Перзент» балалар үйінің тәрбиленшілері Шымкентке келе жатқанын инстаграм парақшасында жазған болатын. Оқырмандарының бәрі мұндай жағдай Шымкентте алғаш рет жасалап жатқанын айтып, бәрі қолдау білдірген. Жергілікті тұрғындардың бірі балаларға үйден тәттілер пісіріп әкелсе, екіншісі ақшалай сыйлықтар табыстапты.
Ал, Түркістан қаласының халқы балаларды тіпті, ерекше қарсы алған. Балалар қаладағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып зиярат еткен, ал түскі ас кезінде оларға Түркістандағы «Харекет» қорының балалары арнайы концерттік бағдарлама дайындапты. Концертте еліміздің эстрада жұлдыздары ән салып, барынша балалардың көңілін аулаған.
Ұйымдастырушылар балаларды түстен кейін Бәйдібек ауданындағы киелі жер «Ақмешіт» үңгіріне алып барған. Ол жерге жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы келіп, балаларға арналған бағдарлама түсіріпті.
Жол жүргенде балалар отырған автобусты Полиция қызметкерлері өз бақылауында алып жүрген.
Әмина қажы басында осындай ұсыныс түскен кезде, көп ойланса керек: бұрын-соңды алыс жолға шығып көрмеген балалар қиналып қалмай ма деп уайымдаған. Алайда нәтижесінде бәрі жоғары деңгейде өткеніне қуанып, ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
Бұл сапар балаларға естен кетпестей әсер қалдырды. Оны олардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздері айтып тұрды.
«Жерде бір жетімнің басын сипасаң, көкте жетпіс періште қуанады» дегенді еске түсірсек, ерлі-зайыпты Нұрлан мен Эленораның бұл ісі – көпке үлгі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *