Ш.Уәлиханов атындағы гимназияның кітапханасы Қажымхан Мәсімовтің «Аманат» атты кітабының 100 данасымен толықты

Бұл сыйлықты қала әкімдігінің атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі жетекші оқу орындарының бірі — №12 мектеп-гимназиясына тарту етті.

Қажымхан Қасымұлы Мәсімов — мектептің бірінші қамқоршылық кеңесінің негізін қалаушы әрі төрағасы. Оның жетекшілігімен аз қамтылған отбасылар мен талантты педагогтарды қолдау тәжірибесі енгізілді. Мектеп ұжымын, оқушыларды және олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған Ержан Бабақұмаров гимназия түлектерінің арасында көптеген талантты тұлғалардың бар екенін атап өтті.

Мұнда бір кездері күміс дауыс иегері Күләш Байсейітова, қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев, биші Шара Жиенқұлова, әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев, қоғам және мемлекет қайраткері Асқар Құлыбаев, ақын-жазушылар Смағұл Елубаев, Уәлихан Қалижан және т.б. білім алды.

Айта кету керек, педагогикалық конференция кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мектеп ұжымына 24 млн.теңгенің сертификатын табыстаған еді. Бұл грант «Алматы қаласындағы үздік орта білім беру ұйымы» деген атағы үшін берілді. Бұл — мектеп ұжымының ортақ жеңісі, үлкен еңбектің нәтижесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *