САЛЫҒЫҢДЫ ТӨЛЕ, ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БҰЗБА

7Алматылық жеке кәсіпкерлер ел қоржынына 5,5 млрд. теңге салық түсірді

Жыл басынан бері алматылық жеке кәсіпкерлер ел қоржынына 5,5 млрд. теңге салық түсірді.

Қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі солай дейді. Көрсеткіш былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда, 117 пайызға артқан. Демек, бұл 821 млн. теңгеге артық ақша түскендікті білдіріп тұр.

Бюджеттің бүйірін толтыруға себін тигізген мұндай өсімді департамент басшылығы қызметкерлерінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, шаһар базарларында сауда жасайтын, баспанасын жалға беретін азаматтармен  жұмыс істеу тәсілімен түсіндірді. Салық түсімінің едеуір молаюына елеулі ықпал еткен осы жәйт екендігін енді аңғарып отырмыз.

 

10 мың 431 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды

 Алматыда салқықтан жалтарушылар да аз емес. Жыл басынан бергі үш ай ішінде салық төлеуге қатысты 10 мың 431 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды.

– Алматы қаласының салық органдары І тоқсанды қортындылады. Ескерту шарасы ретінде әкімшілік жаза қолдану жөнінде 6 мың 678 қаулы шығарылды, – деп, Алматы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне былтрығы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық салу саласында бірінші рет құқық бұзған салық төлеушілерге айыппұлдың орнына «ескерту» жазасы қолданылады. Мұндай құқықбұзушылыққа салық органында тіркелу мерзімін бұзушылық, салықтық есеп-қисапты дер кезінде өткізбеу мен бақылау-кассалық машинаны қолдану тәртібін бұзу дерегі жатады.

Егер «ескертуден» кейін бір жыл ішінде аталған құқықбұзушылық әрекеттері қайталанар болса, айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолданылады.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *