ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

36Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары Діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор, ерекше мейі­рімді Алланың атымен бастай­мын!

    

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды мұсылман қауы­мының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбәрак мейрам – Құрбан айт құтты болсын!

Айт – ағайын арасын жақын­дастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері барша мұсылман ізгі ама­лымен  Алланың  разылығына бө­лен­еді. Айт күндері қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан мұсылман үмбеті Жарату­шыға жал­барына дұға жасап, құрбандық шалады.

Қаржылық мүмкіндігі жоқ адам­ға құрбан шалу – міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отба­сы­лары­на, жетім мен жесірлерге, мүге­дек­тер мен науқас жандарға тара­ты­лады. Алла­ның разылығы үшін құр­бан шалу – пенденің иманын күшей­тіп, тақуа­лығын арттырады. Қа­сиет­ті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.

Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатты, азамат­тарды мүге­дектер, жетімдер мен жесірлер, әсіресе, қараусыз қалған ата-аналарға қайырым­дылық жасауға шақырамын.

Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды және шалған құрбандықтарымызды қа­был еткей! Отбасыларыңызға аман­дық, мықты денсаулық, жұ­мыс­­тарыңызға береке тілеймін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close