ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙДІ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт То­қаев­тың Жар­лығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті, Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)» делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды. Қостанайда мерт болған полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *