«ПРЕМЬЕРАДА» ФУТБОЛ АЛАҢЫ БАР

h7b42

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ұйғаруымен Наурызбай ауданында 30-ға жуық балаларға арналған шағын ойын-спорт алаңдарын салу жоспарланған болатын.

Бұл жұмыс  ауданда  ойдағыдай жүзеге асырылуда. Өткен жылы екі ойын-спорт алаңдары пайдаланылуға беріліп,  қазіргі күнге дейін 10  ойын алаңы пайдаланылуға берілсе, 6 спорт ойын алаңдарының құрылысы жүргізілуде.  «Таусамалы», «Қарағайлы», «Ақжар» ықшамаудандарында салынған балаларға арналған спорт-ойын алаңдарында асыр салып ойнап жүрген балаларды, олардың ойындарын қызықтап отырған ата-аналарды көргенде, тұрғындарға осындай  көңіл рахатын сыйлаған кәсіпкерлеріміз бен қалталы азаматтарға алғыс айтасыз. Мұндай ойын алаңдары мен шағын демалыс орындары  Наурызбай ауданында бой көтерген ең ірі «Премьера» ықшамауданында  да пайдаланылуға берілген болатын.  «Премьера-29» ПИК күшімен салынған шағын футбол алаңының  «футболшылардан» босаған күні жоқ.    «Премьера-29» пәтер иелері кооперативіне қарасты тұрғын үй балалары өзара жарыс өткізіп тұрады.  Наурызбай ауданына  осы жазда «Жаңа Алатау» қоры да үш бірдей спорт-ойын алаңдарын салып берді. Қаладағы спорт алаңдары мен стадиондарынан әзірге алыстау тұратын наурызбайлық балалардың  қор мүшелеріне алғыстары шексіз. Олар бұрын өздері жақсы көретін футболдары мен баскетбол, волейбол ойындарын шаңы аспанға көтеріліп жататын  бос жатқан алаңдарда ойнаса, ал қазір арнайы  жасанды жабындылар төселген, спорттық құралдармен жабдықталған алаңдарда  ойнап жүр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *