«НҰР ОТАННЫҢ» жастары әдемі, әрі әдепті

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматыда Елбасының келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған бастамасы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне партия билет­терін тапсырды. Олардың арасында денсаулық сақтау, мәдениет саласы мен бизнестің, спорттың жас өкілдері бар. Сол күні шаһар басшысы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы­ның жаңарған «Қоғамдық қабылда­уымен» танысты.

«Кез-келген қала, кез-келген ел халық­тан құралады. Алматы дегеніміз не? Бұл – үйлер, жол айрықтар емес, ол – адамдар. «Нұр Отан» партиясы туралы да осылай айтуға болады. Партия – бұл мүдделестер командасы. Бүгіннен бастап сіздер Президентіміздің серіктесісіздер. Біздің барлық жетістігіміз Мемлекет басшысы­ның, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының есімімен тікелей байланысты. Елбасының сарабдал саясаты арқасында партия 20 жыл ішінде еліміздің экономикалық және әлеумет­тік дамуына зор үлес қосты. Партияның саяси Доктринасына сәйкес біздің басты қағидамыз – ашықтық. Сондықтан біз азаматтардың түрлі проб­лемасын шешудің тиімді әрі ашық тетігі болып табылатын Қоғамдық қабылдауды одан әрі дамыта береміз», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Партияға мүше болғандардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы­ның жеңімпазы, дәрігер-кардиохирург, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов, шахматшы аруымыз Жансая Әбдімәлік, нано­технология және нанома­териалдар докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы Гаухар Смағұ­лова, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, өнертапқыш Айбек Рахим, жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр, журналистер Оксана Драчева мен Нұргүл Асанова, жас суретшілер орталығының жетекшісі Кристина Бекмұрзаева бар.

Біз жастарға сенеміз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *