МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ КЕРЕК

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.

Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мем­лекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.

 

Геннадий ДАНИЯРОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Қоғамның сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында қазіргі заманға сай экономикасы қар­қынды, заманауи прогрессивті мемлекет құрып, барлық салада терең және қарқынды өзгеріс­терді бастайтын, барша қазақ­стан­дықты ортақ мақсатқа, Мәң­гілік ел мұраттарына жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды мәсе­лелерді ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, олардың барлық бағыттағы қызметтерін жетілдіру мемле­кеттік қызметшілердің жаңа стилін қалыптастыра отырып, өзін-өзі басқару және мемлекет пен қоғам арасындағы алшақ­тықты мейлінше қысқартуға  тиіс деп нақтылады. Қазіргі кездегі  мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен бағыттарын және оның нәтижелерін түсіндіру жұмыстарын барынша оңтайлан­дыру керектігін жіті атап өтті. Сондай-ақ, биыл біз 4 мемле­кеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгіздік. Барлық пилоттық жоба жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Осы жоба енгізіл­гелі бері мемлекеттік қызметке деген қызығушылық күн санап артуда. Кадрлардың жұмыстан кетуі екі есеге азайды. Білікті кадр­лардың мемлекеттік қыз­метке келуі үш есеге артты. Мем­лекеттік қызметтің мәртебесі көтерілгендігін осыдан байқай­мыз.

Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінде, ҚР Әділет министрлігі, Астана және Маңғыстау облыс­тарының әкімдіктерінде пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілді. Ол ай сайынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтиды. Мемлекеттік қызметшілердің ай сайынғы жалақысына келетін болсақ, қазір айлық табыс жұ­мыстың сипаты мен күрделілігіне байланысты болады. Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі факторлық-балдық жүйеге негізделген, оған сәйкес барлық лауазым үш факторды ескере отырып баға­ланады: лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін білім дең­гейінің, құзыреттілік пен жұмыс тәжіри­бесінің қажеттігі; лауа­зымға жүктелген міндеттердің күрде­лілігінің; нәтижеге қол жеткіз­бегені үшін жауапкершілік дәре­жесі. Факторлардың әрқай­сысы бойынша балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа жалақы желісіндегі лауазымның орнын анықтайды. Барлық лауазымды бағалау нәтижесінде олар төрт блокқа топтастырылды: жауапты хатшыларды, аппарат басшылары мен комитеттердің төрағаларын қамтитын жоғарғы басшылық құрам; негізгі (салалық бөлімше­лердің лауазымдары); жәрдем­десуші (құқықтық, қар­жылық, кадрлық, ақпараттық және техно­логиялық қолдау, жұртшылықпен байланыс үшін жауапты лауа­зымдар);  қосалқы (әкімшілік және шаруашылық қызметке жауапты лауазымдар). Блоктың әрқайсысы лауазымдар иерархия­сын ескере отырып, 15 деңгейден тұрады. Осылайша факторлық-балдық шкала екі не­гізгі прин­ципті сақтауды қамта­масыз етеді: ішкі әділеттілік және сыртқы бәсекеге қабілет­тілік. Мысалы, Алматы қаласы бойын­ша депар­таментінде еңбек­ақы 2,5 есеге өсті. Бұрын бас маманның жал­ақысы 102 мың теңге болса, қолына таза тиетіні 80 мың теңге болатын. Ал қазір оның жал­ақысы 230 мың теңге, ал қолына тиетіні 180 мың теңге.

АҚШ, Сингапур, Малайзия, Жаңа Зеландия және басқа да экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік мекемелерде қызмет­керлердің жұмысы осындай тәсілмен бағаланады.

Жаңа жүйедегі сыйақы мәсе­лесіне келетін болсақ, біріншіден, «сыйақы» мәні «бонус» мәніне өзгертілді. Бонусты қызмет­терінде жылдың аяғында өте жақсы және тиімді жұмыс нәти­жесін көрсеткен қызметшілер алуға мүмкіндік алады.

Жоғарыда аталған мәселелер мемлекеттік қызметшінің ынтасы мен кәсіби деңгейін арттыра отырып, өзіне жүктелген кез-келген міндеттемелерді  жүзеге асыруда оңтайлы шешім қабыл­дай алады. Мемлекеттік қыз­меттер көрсету саласын өз дең­гейінде жетілдіріп, қазіргі талапқа сай, халыққа сапалы, әрі тиімді қызмет көрсетуде маңызды рөл атқаратын болады.

 

Барлық істің бастауында

мемлекеттік қызметкерлер тұруы тиіс

Өтеш ҚАЛАБАЙ,

Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы

Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауы елдің эконо­микалық дамуына және халықтың тұрмысы мен әл-ауқатының артуына байланысты ауқымды мәселелерді қамтып отыр. Бұл Жолдау бұған дейінгі Жолдау­лардың заңды жалғасы.

Мемлекет басшысы барлық салада, барлық жұмыста жауап­кершілік жүгін арқалайтын кезең келгенін айта келіп, әсіресе, бұл жолда мемлекеттік қызмет­кер­лерге үлкен жұмыстар жүк­теліп отырғанына басымдық берді.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірушілер үшін міндетті сынақ мерзімі белгіленген. Олар­ды ұдайы оқыту, оның ішінде үш жылда бір рет біліктілігін арттыру жүйесі заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Бұл іс-шаралардың бәрі мемлекеттік қызметті кәсі­билендіру үшін бағытталған.

Елбасы Жолдауы қазақстан­дықтардың көкейіндегі көптеген сауалға жауап береді. Ол еліміздің әлемдік сапа стандарттарына ұм­тылысының дұрыстығын дәлел­деді. Басымдықтар арасында, әсіресе, адами капиталдың жаңа сапасы көрсетілгені аса маңызды болмақ. Осы орайда мемлекеттік қызметкерлердің беделі артады.

Кез-келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратыны айқын.

Президент өз Жолдауында: «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемле­кет пен қоғам арасындағы алшақ­тықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.

Мемлекеттік басқару акаде­миясы Назарбаев Университе­тімен бірлесіп, «Жаңа формация­ның басшысы» бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет.

Үздік шетелдік компания­лар­да жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші универ­ситет­терінде білім алған жеке сектор­дағы кәсіби мамандарды тарту маңызды.

Биыл біз 4 мемлекеттік ор­ганға жалақы төлеудің жаңа мо­делін енгіздік», – деп бұл мәсе­леге аса маңыз берді.

Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің тұрақтылығы, ұлт­тардың қарым-қатынасы, ол – Қазақстан дамуының басты тұғыры. Бұл жолда бірлігі жарас­қан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Ауыз­бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жер­лерге қашан  да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалып­тасқан ұлттар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Еркіндікті аңсаған ел мұрасы жүзеге асып, тәуел­сіздікке қол жеткіздік. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақ­тылық «Мәң­гілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермек. Өткен кезеңге талдау жасай және бүгінгі күн шынды­ғын ой еле­гінен өткізе отырып, Елбасының сындарлы саясаты­ның арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді, алдағы уақытта анағұрлым кеу­делі мақсаттарға ұмтылыс жасау үшін жақсы ынталандыру деп бағалауға әбден болады. Міне, осы істерді өрге бастап, оның бастауында мемле­кеттік қызмет­керлер тұруы тиіс.

 

Жемқорлыққа төзбейміз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құбылыс» ретінде танылған. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікпен қарау әрбір қазақстандықтың азаматтық көзқарасы болуға тиіс, ал адалдық  мінез-құлық нормасына айналуы керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмаса оған қарсы им­мунитет, оның қоғамдағы айыпталуы болмаса қажетті нәтижеге жету мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – бүкіл қоғамның мә­селесі екенін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асырудағы әлсіз құқықтық сауат­тылықтың нәтижесі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің негізгі мақсаты – оған қарсы көзқарасты қалыптастыру және адамдардың соған қарсы бел­сенді азаматтық көзқарасын қалып­тастыру үшін қажетті дағдыларды дамыту. Жастардың сыбайлас жем­қорлыққа қарсы көзқарасын қалып­тастыру үшін азаматтық қоғам инс­титуттарының ықпалын күшейту қажет. Осыған байланысты ҚР Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауының өкілдері ұйымдастырған іс-шаралар ауқымды. Мәселен, жыл сайын қаланың барлық білім беру мекеме­сінде жемқорлыққа қарсы сана мен оған қарсы мәде­ниетті қалып­тастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мектеп оқушы­ларына, колледждер мен жоғары оқу орны студенттеріне біздің мемлекет­тің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы саясаты тү­сін­діріледі, жастар форумдары өткі­зіледі; студенттік пікірсайыстар, пат­риоттық әндер, «телекөпірлер» ұйым­дасты­рылады. Мұндай іс-шара­лардың берері де аз болмайды деп ойлаймын.

Қарлығаш ҮСЕЙІНОВА,

ҚазҰУ-дың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ғылыми-зерттеу институты басшысы, заң ғылымының кандидаты, «Азаматтық бақылау» қоғамдық ұйымының мүшесі.

 

Отандық және шет ел инвесторларына қолайлы жағдай

Елнар ИГІЛІКОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Сонымен қатар, Елбасы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғам­дық келісімді қамтамасыз етуді, сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалардың сапалы жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.

Биылғы Жолдаудың басты стратегиялық мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу, «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасы мен «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыра отырып, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономи­калық өсімнің жаңа моделін құру. Бұл еліміздің экономи­калық дамуы мен әлеуметтік саланың одан әрі артуына зор сенім білдіреді.

Жолдауда нақтылап көрсе­тілген сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес және қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.

Біріншіден, көрсетілетін мемле­кеттік қызметтер аясында мемле­кеттік қызметшілердің тұрғын­дармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жет­кізуді, жер қатынас­тары мен құ­рылыс саласындағы бюрократ­тық рәсімдер сынды жұрт­шы­лықты мазалайтын мәселелерді дұрыс жолға қоюды,  жер қоры мен жылжымайтын мүлік ны­сандары туралы мәлімет­тердің бірыңғай ақпараттық базасын нақтылауды тапсырды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет­тер туралы заңды жедел жаңарту қажеттілігіне тоқтала келе, жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүр­гізуді оңтайландыру қажеттілі­гіне баса назар аударды.

Елбасының тікелей тапсыр­масына сәйкес барлық өңірде, соның ішінде,  Алматы қаласында «Қазақинвест» АҚ-ның жаны­нан   «Protectіng Busіness and Іnvest­ments» жобасы құрылып, оның аясында қоғамдық қабыл­даулар ұйымдастырылып, қар­қынды жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаның негізгі мақ­саты – Алматы қаласы инвес­торлары мен бизнес қоғам­дастықтарына сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы қолдау көрсету және отандық, шетелдік  ин­весторларды қор­ғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау, кәсіпкерлер үшін сыбайлас жем­қорлық деректері бойынша қысым­дарды төмен­дету мен әкімшілік кедергілерді азайту. Соған орай, осы жоба­ның қоғам­дық қабылдауында Алматы қала­сындағы отандық және шетелдік инвесторлардың құқы­ғы мен заңды мүдделерін қорғау, заңсыз тексерулер мен түрлі әкімшілік кедергілерді азайту мен заңды тұрғыдан сапалы қызмет­термен қатар әдістемелік көмектер көрсе­тілуде.

2019 жылы көрсетілетін мем­лекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды формат­қа көшірілуі тиіс.  Бұл қыз­меттер аталған пайыз­ға жетсе, онда сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейі төмен­дейді.

 

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Таяуда ҚР Мемлекеттік қызмет ісі және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесе отырып, Алматыда Мемлекеттік қызмет мектебін ашты.

Жоба мемлекеттік қызметкердің трансфор­мациялық ойлауына бағытталған. Өйткені, олар өз мойнына қоғамдық сананы жетілдіру жауапкершілігін алған екен. Соған орай, ендігі жерде бәсекелестікті қамтамасыз ету бастамасы аясында мемлекеттік қызметкердің күш-қуаты арттырылатын болады. Бұл ретте олар шет ел тілдерін оқып, ІТ-саласындағы білім-біліктіктерін арттыратын және көшбас­шылық қасиеттерін дамытатын болады.

Атап өтетіні, қазір қала тұрғындарының тең жартысына жуығы  жастар екені белгілі. Олардың көбі жоғары оқу орын­дарын бітірген соң қайда барарын білмей, жер-жердегі мемлекеттік қызмет саласына барып жатады. Осы ретте олардың жұмыс­тарын жаңаша есептеу қолға алынуда. Соның бастамасы ретінде осы қыркүйек айында Алматы қаласында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Онда жастардың көшбас­шылық қасиетін дамыту және олардың бәсекеге тойтарыс беру қабілетін өсіру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Өңірлер қызметкерлері де

алматылықтарға теңеседі

Әрине, Алматыда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің деңгейі де, білім-біліктіліктері өңірлердегі сәйкес салада жүрген қызметкерлерге қарағанда әжептеуір жоғары екендігі мәлім. Бұл ретте өңірлік мемлекеттік қызметкерлер де Астана мен Алматы қалаларындағы өз әріптестерінің биігіне жеткілері келеді.

Бұл тұрғыда оларға көп жұмыс істеу және білік­тіктерін дамыту қажет. Оны олардың өздері де жақсы сезеді. Сондықтан да олар өздерін жан-жақты білімдерін көтеріп, әрі біліктіліктерін тынымсыз өрістету мақсат­тарын ойлап, бұл іске бел шешіп кірісе бастады. Соған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет ісі және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттігі әуелі осы теңгерімсіздікті жойып, өңірлердегі барлық мемлекеттік қызметкерлердің екі ірі бас қаладағы әріптес­терімен бірдей жұмысы үшін «тепе-тең» айлық жалақы алуларын ойластырып отыр.

Осы орайда, алдын-ала жүргізілген зерттеулер бойын­ша, соңғы кезде Алматы қала­сының қатардағы мемлекеттік қызметкерінің айлық жал­ақысы 2,5 есеге өскен екен. Атап айтқанда, бұрын мұнда­ғы бас мамандар айына 102 мыңдай теңге жалақы алып, одан соң түрлі есептеулерден кейін 80 мыңдай теңге қалатын еді. Ал қазір олардың орташа айлық табысы шама­мен 230 мың теңгені кұраса, оның ішінде әлгі маман­дардың қолына тура 180 мың теңгедей ақша тиетін болған. Одан қалды, алма­тылық мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы орнына тиімді жұ­мыстары үшін бонустар төленетіні тағы бар.

Міне, осындай айлық жалақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілуіне орай қазір Алматы қаласында мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін жастардың қатары әжептеуір өсіп отыр. Өйткені, оларға жаңадан белгіленген айлық жалақы көлемі нақты балдық есептеулермен 2019 жылы іске қосылатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *