Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/226-572 қаулысы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағы
4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2020 жылғы 3 шілдедегі қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жол құрылысы үшін, Алматы қаласы, Алатау ауданындағы, «Мәдениет» шағынауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер  учаскелерін  немесе  өзге де жылжымайтын  мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаевқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                             Б. Сағынтаев

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/226-572 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
Р/с № Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы) Жер учаскесінің орналасқан жері Кадастрлық нөмірі Жер учаскесінің ауданы, га
1 Малявин Олег Иванович Мәдениет шағынауданы, 839 учаске 20-321-072-1207 жалпы — 4,7673 иеліктен шығарылатын ауданы — 0,4893
2 «Алаңқай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мәдениет шағынауданы, 836 учаске 20-321-072-1208 жалпы — 0,7747 иеліктен шығарылатын ауданы — 0,4972
3 Малявин Олег Иванович Мәдениет шағынауданы, 845 учаске 20-321-072-1212 жалпы — 4,7833 иеліктен шығарылатын ауданы — 0,4670
4 Малявин Олег Иванович Мәдениет шағынауданы, 851 учаске 20-321-072-1246 0,6737
5 Малявин Олег Иванович Мәдениет шағынауданы, 844 учаске 20-321-072-1675 жалпы — 4,6876 иеліктен шығарылатын ауданы — 1,1002
6 «Ск-Комплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көк-Өзек өндірістік кооперативі, 1859/95 учаске 20-321-072-1864 жалпы — 2,5505 иеліктен шығарылатын ауданы — 0,0232
7 Добролюбов Давид Дмитриевич Елтай ауылдық округі 20-321-072-1934 жалпы — 0,0800 иеліктен шығарылатын ауданы — 0,0041
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *