Мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр

Әміржан НӘБИЕВ,  «АТРИКС-СТРОЙ» ЖШС бас директоры, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

Өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жасады. 

Елбасы осы күнге дейінгі жетістіктерімізді айта өтіп, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындап берді. Соның бірі – «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасы аясында қол­жетімді тұрғын үй құрылысын одан ары қарқынды жал­ғастыру. Бұл мәселеге Жолдаудың бір бөлігі арна­лып, Елбасы өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру керектігін баса айтып кетті. Яғни жайлылық дегеніміз, ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әде­мі­лігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді-мекеннің және сапалы инфрақұ­рылымның болуы.

Бүгінде тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асып келеді. Оған қоса, тұрғын үй ипотекасының қолжетім­ділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдар­ламасы қолға алынды. Бұл тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдессіз қадамы. Аталған бағдар­лама аясында қолжетімді баспана алуға ең көп өтініш білдір­ген Алматы қаласының тұрғындары болды. Бюджет есе­бінен салынатын жаппай құрылыс алаңда­рына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мем­лекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетуді жос­парлап отыр. Елбасы қажет болса, әкімдерге жер­гілікті бюджет есебінен жеңіл­детілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара суб­сидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Мұндай тұрғын үй сертификат­тарын беру біліктілігі жоғары педагогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады.

Айта кетсек, мен Алматы қаласы мәслихаты «Нұр Отан» партисының депутаттық фракциясы жанындағы бюджет қаржысын және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді жұмсауды қадағалау бойынша Комиссия төраға­сы болып табыламын. Комиссия өз жұмысы аясында жүйелі түрде құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысып, қаражатты тиімді жұмсауды бақылауға алып отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың алматылықтар үшін ерекше саналатын тағы бір көтерген мәселесі, ол – инфрақұ­рылымды жетілдіру. Яғни енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн деп айтып өтті Президент.  Әкімдер бөлінген қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы керек деді.

Бүгінгі күні осы бағытта Алматы алдыңғы орында келеді. Өйткені, қала әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы бұл бастаманы қолға алып, Алматыны әлемнің үздік мегаполистерінің біріне айналдыру үшін қала кеңістігін жүйелі трансформациялауды бастады. Қала­мыз күннен-күнге көркейіп, абаттандыру, жасыл­дандыру, көшелерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, ғимарат­тардың архитектуралық келбет­теріне айрықша назар аударылып отыр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашы­лықты модернизациялау аясын­да үйлерді жөндеу жалға­сып келеді. «Қала адамдар үшін» жобасы аясында тарихи орталықтың 60%-ы жаңарды, жаяу жүргінші жолдары экономикаға оң ықпал етуде, бизнесті ынта­лан­дырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны арта түсті. Бұл жұмыстар қала тұр­ғындарының қолдауымен іске асып келеді. Жолдаудың екінші бөлімінде Н.Назарбаев экономикада бәсеке­лестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнатып, батыл шаралар қабылдау керектігін айтты.

Алматылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бүгінгі күнде өте өткір тұр. Тұрғындар жиналған қаражаттың неге, қандай мақсатқа және қанша кетіп жатқандығын біле алмай жүр. Ал тарифтер болса өсіп жатыр. Коммуналдық қыз­мет пен табиғи монополияларды реттеу салала­рында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес. Әрине, қалалықтар өз наразылығын білдіреді. Сондықтан Пре­зидент монополистердің инвестиция­лық міндеттеме­леріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілсін деп баса айтып өтті.

Үкімет үш ай ішінде аталған мәселемен айналы­сып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауы керек  деді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *