МЕГАПОЛИС НЕМЕН ҚОРЕКТЕНЕДІ?

Жасыратыны жоқ, 2 миллионнан астам қаламыздағы қоғамдық тамақтандыру орындарының азық-түлігіне байланысты күмән екінің бірінде бар. Ара-тұра небір ұнамсыз деректер де кездесіп қалады.

Осы жәйтты ескерген қаламыздағы санитарлық дәрігерлер бірнеше дүкенге сатып алынатын тауарлардың тазалығына байланысты тексеріс жүргізді. Кейбіреу­лерінен ауру тарататын таяқшалар табыл­ғанын жасырып қалуға болмайды. Сондай-ақ, дүкендердің кейбіріндегі азық-түлік құрамынан мезофилді аэробикалық және факультативті-анаэробтық микроағза­лардың көптігі анықталған.

Соған сәйкес кінәлі дүкен қожайын­дарына әкімшілік жаза қолданылды.

«Мегаполис немен қоректенеді?» деген сауал осы жерден туындайды.

Шынтуайтына келгенде, қаладағы қоғамдық тамақтандыру орын­дарындағы тазалық мәселесі әлі де өзекті қалпында қалып отыр. Демек, алдағы уақытта осы мақсатта шешімтал шаралар жүргізу қажет деген сөз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *