Мәслихат депутаты сайланды

Серік ЖҰМАБАЕВ

 

Әуезов ауданының №126 арнайы маман­дандырылған мектеп-лицейінде №12 сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихат депутаттығынан кеткен бос орынға қайта депутаттар сайлау науқаны болып өтті. Осылайша түрлі себептерге байланысты мәслихат­тан шығып қалған халық қалаулы­ларының орнына жаңа үміткерлер сайлануға мүмкіндік алды.

Негізі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республи­касының Заңына сәйкес, мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқы­ғы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Осы ретте біз қалалық мәслихат депутатын сайлауға арнайы дауыс беруге келген аудан тұрғынымен аз-кем пікірлескен едік.

– Бүгін Алматы қаласы тұрғындары үшін елеулі күн. 25 наурызда Әуезов ауданында №12 сайлау округінде қалалық мәслихат депутаттары үшін сайлау өткізілді. Мен Алматы қаласының депутат­тығына лайық деп санаған  үміткерге даусымды бердім. Бұл әр Қазақ­стан Республикасы азаматының құқығымен қатар, ел алдындағы міндеті деп білемін. Азаматтар мен сайланатын депутат ара­сын­дағы қарым-қатынас өте тығыз болуы қажет. Осы депутатты сайлар алдында оның бағдарламасымен толық танысып шықтым. Аудан тұрғындарымен кездесіп, ауданның даму жоспарларын тыңдадым. Кездесу барысында үміткер барлық сұрақ­тарға жауап берді. Аудан тұрғындарымен бірле­сіп, көптеген мәселелерді оң шеше­тініне сенімдімін. Балаларға спорт алаңын көбейтуге үлес қосады деп үміттенемін, – деді аудан тұрғыны Жазира Қонақбаева.

Жалпы, Алматы қаласындағы мәсли­хат­тардың бос орындарына депутаттарды сайлау заң талабына сай жоғары деңгейде өтті. Жергілікті халық та өздерінің үміткер­лерін сайлауда үлкен белсенділік танытты. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар сайлаудың әділ әрі талапқа сай өтуін қадағалап отырды.

Сайлау қорытындысы бойынша  кәсіп­кер Ерболат Қасымов Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *