Ұлылық пен таланттың, дарындылықтың ара-жігін ажыратып алуымыз керек

Жабайхан ӘБДІЛДИН, академик:

– Қай елде болмасын, қоғамға өлшеусіз еңбек сіңірген адамдар бар ғой. Тек олардың бәрін ұлы деуге келмейді. Көпшілік осыны түсіне алмай жүр. Ал шындығына келсек, біздің тарихымызда ұлы адамдар өте аз. Оларды тану үшін ұлылық пен таланттың, дарындылықтың аражігін ажыратып алуымыз керек. Қайда болмасын өзі таңдаған салада жарқырай көрініп жүрген талантты адамдар аз емес. Солардың арасында тыңға түрен салып, айталық, рухани дүниеде немесе әдебиетте, ғылымда жаңа бағыт ашқандары саусақпен санарлықтай ғана. Әлемдік өлшеммен келетін болсақ, біз ұлы, гений деп жаңа бағыт ашқандарды айтуымыз керек. Мысалы, олардың қатарына Уильям Шекспирді, Иоганн Гетені, Платонды (Аристокл) және басқаларын жатқызуға болады…

…Мәселен, не жақсы, не жаман, не сұлу… осылардың барлығына Абай жаңа түр әкелді, жаңа мағына, жаңа бағыт берді. Демек, Абай Құнанбайұлы – шын мәніндегі гений.

 

(«EGEMEN QAZAQSTAN», 31.01.2020.). 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *