ҰЛТТЫҢ ТАҒДЫРЫ – ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА

Бүгінгі таңдағы балалардың әлемі тіпті өзгеше. Зымыраған уақыттан бір сәт те қалыспай, ілесіп отыратын балаларды қабылдап, көріп-білу, түсіну, ұғыну қабілеттері тіпті ерекше дамып кеткен. Біздер, яғни ұрпақ тәрбиешілері ертеңгі еліміздің азаматтарын тәрбиелеп отырғандықтан, үлкен жүк арқалап отырғанымызды бір сәт естен шығармауымыз керек.

 Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы бүлдіршіндер танымына ерекше әсер етті. Өзімнің жетек­шілігімдегі топта ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі Ұлы даланың тарихынан сыр шертетін бірнеше оқу-қызметін өткізген едім. Аудан, тіпті қала көлемінде де осы оқу қызметтерімді басқа да тәрбиеші әріптестеріме септігі тисе екен деп ұсынған едім. Байырғы ата-бабамыздан қалған садақ пен найза, мылтық түрлері туралы балалар қызыға тыңдап, өздерінің естіген-көргенін айтып берді. Әсіресе, «Атқа міну мәдениетін» бүлдіршіндер аса қызығушы­лықпен қабылдап, жылқының тұңғыш рет қазақ топырағында қолға үйретілгені туралы еркін айтып бере­тін болды. Өмір бойы ат­тың үстінде отырған ата-баба­мыздың ер-тұр­маны мен үзеңгісі туралы бүл­дір­шіндерімізге әңгі­мелеп бергенімізде, олардың қызы­ғушылығы оянып, ерекше әсерге бөленген еді.

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ламасы аясында ауқымды-ауқымды оқу-қызметтерін, семинарлар мен көрмелер ұйымдастырдық.

Алма мен қызғалдақтың отаны атанған еліміздің бай тарихы, жердің асты мен үстіндегі толы байлық туралы әлі де оқу қызметтерімізге арқау ететін боламыз. Хал­қымыздың тарихын түгендеу жолындағы баға жетпес «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы балалар ғана емес, өзіміз де көп нәрсені ұғынып, таным дүниемізді байытып жатырмыз.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді, олай болса болашақтың тізгін тартар ұл мен қызын тәрбиелеп отырған біздердің арқалап отырған жүгіміз ауыр.

 

М.Сыдықбекова,

№104 бөбекжай-балабақша меңгерушісі.

Жетісу ауданы. 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *