Лауазымды шенеуніктердің кейбіріне тыйым салынған

Ресейлік бір оқырманды осында біраз уақыттан бері сайран салып жүрген француз актері Жерар Депардьенің тағдыры қызықтырыпты. Ол былай дейді: «Депардье енді Алжирге кетпекші көрінеді. Оған ол жерде де азаматтық беріледі. Сонда Ресейде екі-үш азаматтығы бар адамдарға тұруға заңмен рұқсат етілген бе?».

Оған адвокат Е.Карчиго былай деп жауап береді.

– 2012 жылы Депардье Францияда салық көтерілген соң Мәскеуге қоныс аударған. Бельгияның төлқұжаты бар актер 2013 жылы Ресей азаматтығын алып, оған Саранскіде пәтер де берілді. Ресей Конституциясының 62-бабы бойынша ол заң талаптарын бұзып отырған жоқ. Бұл бапта басқа елдің қанша азаматтығын алам десең де тыйым салынбаған. Жалпы, біздің заңдарда азаматтықтың көптігіне кедергі қойылмаған. Әрине, бұл бап бойынша шенеуніктердің кейбір түріне шектеу қойылған. Әрине, Депардье Саранскіде қызметін жалғастыра береді, ол шет елге түпкілікті кеткелі отырған жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *