Кореядан жеткен сый

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жақында Корея Республи­ка­сының Президенті Мун Джи Юн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек­торы, академик Ғалым Мұта­новты медальмен марапаттаған еді.

Алматыда Корей түбегіндегі бейбіт­шілікті сақтауға арналған Дүние­жүзілік Корей форумында Кореяны біріктіру министрлігінің Саяси әріптестік депар­таментінің директоры Пак Хёнг Иль мырза Президент атынан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұта­новқа жоғары марапат, алғыс және жеке сыйлықтар табыс етті.

Пак Хёнг Иль мырза өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтас­тығын дамытуға, екі ел арасындағы достық қарым-қаты­насты нығайтуға және Кореяны біріктіруге арналған халықтық дипломатияны қалыптастыру ісіне жәрдемдесуге бағыт­талған еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды деп атап өтті.

– Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен оның басшысы Ғалым Мұтановқа екі елдің қарым-қатынастарын нығай­туға және Корей түбегінің бірігуіне қолдау көрсетіп, баға жетпес үлес қос­қаны үшін алғыс білдіреміз. Форумға КХДР делегациясы алғаш рет қатысып отыр. Бұл біз үшін Кореяны біріктіру­дің жарқын болашағына үміт ұялатады, – деп атап өтті Пак Хёнг Иль марапатты табыстай отырып.

Форумда сөз сөйлегендер Қазақ­стан­ның халықаралық аренадағы бітімгершілік рөлінің және оған деген жоғары сенімнің өсіп келе жатқан­дығын атап өтті. КХДР делегация­сының Корея түбегінің екі мемлекет басшыларының жуырда болған кездесуінен кейін ҚазҰУ-да өткен форумның жұмысына қатысуы бұл шараның Солтүстік пен Оңтүстіктің бейбіт жолмен бірігу үрдісіндегі маңыздылығы туралы куәландырады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *