КЕШКІ ВЕЛОШЕРУ

Бүгін кешке «Атакенттен» басталады

Екінші рет ұйымдастырып отырған «Кешкі Алматы» велошеруі Алматы әкімдігі мен «Алматы спорты» Әлеуметтік жобасы әзірлеген веложолда өтеді.

Сенбі күні, кешкі сағат 20.30-да «Атакент» орталығындағы «Бақшасарай» мейрамханасының оңтүстік жағынан бастау алатын велошеру Тимирязев көшесімен шығыс бағытта жүріп отырып, Байтұрсынов көшесімен төмен қарай, Мақатаев көшесіне дейін түседі. Мақатаев көшесімен Желтоқсан көшесіне дейін барып, Аманкелді Иманов скверінде мәреге жетеді.

Кешкі велошеруге велосипед тізгіндеген барлық алматылықтар қатыса алады.

Тек қауіпсіздік мақсатында велошлем мен жарыққайтарғыш элементтер, фонарлар пайдалануға кеңес береміз.

Дәстүр бойынша қатысушыларға нөмірлер таратылып, сыйлықтар ойнатылады.

«Кешкі Алматы» велошеруіне келіңіздер!

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *