«ӘКЕ-ШЕШЕМІЗГЕ «АЛМАТЫ АҚШАМЫН» СЫЙЛАДЫҚ»

Редакциямызға қуана кірген жігіт ағасы ағынан жарылды

%d1%88%d0%b0%d0%bb

Тамыры тереңге кетіп, жайқалып өскен биік бәйтерекке айналып отырған әкеміз бен шешеміздің бас қосып, отау құрғандарына 60 жыл толып отыр. Оларды гауһар тойларымен құттықтауға жер-жерден ағайын-туғандарымыз бен өзінен өніп-өскен ұрпақтары келіп отыр. Мұндайда әркім өзінше сый-сияпат жасауға ниеттенетіні белгілі. Біз көп ойланған жоқпыз, әрі ерекше, әрі пайдалы сый жасауды жөн көрдік.

Ақылдаса келе, өздері сүйіп оқитын «Алматы ақшамы» газетіне бір жылға жазып, басқа сый-сияпаттарымызбен бірге газет түбіртегін сыйлап отырмыз. Басқа сыйдың жөні бөлек, ал газеттен қол үзіп көрмеген үлкен кісілеріміз үшін мұның орны әлдеқайда ерекше болатынын білеміз. Сонымен бірге, барша оқырман жұрттың алдында мәртебесін өсіріп, арнайы құттықтауға да мүмкіндік алдық.

Бүгінгі гауһар тойдың иелері, отбасын құрып, бірге тұрып жатқандарына 60 жыл болған әке-шешеміз – Нұрәділ Қалимолдаев пен Бисара Тұрғынбекқызын елеулі де ерекше мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғасыр қалсын кейінге жырақтала,

Бірге жүре беріңдер сыр ақтара.

Шөбере мен шөпшегі шүпірлесін,

Жүзге жетіп қариялар «шүкір» десін!

 

Қалимолдаевтар әулетінің балалары мен қыздары, күйеу балалары мен келіндері, немерелері мен шөберелері.     

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *