КӘСІПКЕРЛЕР «БIP BIRGEMIZ!» АКЦИЯСЫНАН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, «Қазпошта» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия Сүгірбаеваның қатысуымен брифинг өтті.

Қала әкімдігі «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар атқарғаны туралы хабарланды. Демеушілік қаражатты пайдалана отырып, медициналық және гигиеналық құралдар сатып алынды. Қала кәсіпкерлері де шет қалмай, «Жаңа Алатау» қорын құрды және азық-түлікпен көмек көрсетуге дайындық жұмыстарын жүргізді.

Брифинте «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров партияның жұмысы туралы кеңінен айтып өтті.

— Елбасы тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына санитарлық-гигиеналық жиынтықтар сатып алу үшін 150 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Біз «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедерісіз келешек» жобалары аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз. Осы мақсатта арнайы санитарлық жиынтық сатып алдық. «Жас Отан» еріктілері күн сайын 700 жиынтық таратады. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді. Сондай-ақ, мен қаламыздың тұрғындарынан карантин кезеңінде үйден шықпауын сұраймын,-деді С.Канкуров.

Ал, Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов өз сөзінде былай деді:

— Карантин кезеңінде қала кәсіпкерлері Елбасының «Бip Birgemiz!» акциясына белсене қатысуда. Бұл акцияға республиканың ірі кәсіпкерлері де қосылды. Өткен аптада Қазақстан Халық банкі медициналық ұйымдарды қолдау үшін 100 миллион теңге бөлсе, кәсіпкер Қайрат Мәжібаев 5000-ға жуық әлеуметтік пакет бөлді. «Atameken» сайтында «Жаңа Алатау» қоры туралы мәліметтер бар.

«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

РНН 600300567791

БИН 080740011034

ИИК №KZ826010131000165601

АО «Народный Банк Казахстана»

БИК HSBKKZKX КБЕ 18 КНП 119

Телефон: 8 (727) 396-7420

Жетекшісі – Балабеков Айдар Буйтагалиевич

ИИН 710315301396

 

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *