Көпіріп сөйлейтіндерді шешен етіп қойдық

Бекжан ТҰРЫС,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

 

…Менің ұстанымым – ұлтқа қызмет ету! Сол үшін «Қожанасыр тірі екен» қойылымына қоғамдағы күнделікті жаңалықты қосып отыруға тырысамын. «Театр – қоғамның айнасы» деп бекер айтылмайды. Кейде артық нәрсе айтудан қорқақтайтындар бар. Менің айтып жүргенім артық сөз емес. Бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Бірақ бүгінде шындықтан айналып өтіп, ақиқаттың ауылынан алыстап кеттік. Сол себепті, кішкене болса да айтқым келген дүниені сәтімен, орайымен айтып қалғым келіп тұрады. Аллаға шүкір, бүгінгі көзіқарақты көрермен сауатты. Тез түсініп, ой қорытып жатады.

…Біз қазір қомағай қоғам, өнегесіз өркениетпіз. Көпіріп сөйлейтіндерді шешен етіп қойдық. Бүгінде бәрі ұлтының жанын ұқпай жатып ұлы адам болғысы келеді. Мысалы, елде болған жақсылыққа бәріміз қуанамыз, ал жамандығына бей-жай қараймыз. Көрмейін десең көзің, айтпайын десең аузың бар. Бір ойшылдың «Адам заңның емес, салт-дәстүрдің құлы болған кезде ғана шынайы өмір басталады» деген сөзі бар. Елбасы неге рухани жаңғыруды ұсынып отыр? Міне, соның барлығын жаңартсын дегені. Бірақ жоғарыдағы көп кісілердің өзі сол рухани жаңғыруды түсінбеуі мүмкін.

 

(«Жас қазақ», №11, 30.03.2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *