Күнәлар кешiрiлетiн Ражәб –

Ислам күнтiзбесiндегi қасиеттi айлардың бiрi.

Ол маусымның 3-i күнi табалдырықтан аттайды

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз «Ражәб – Алланың айы, шағбан –  менiң айым, рамазан – үмметiмнiң айы» деген екен. Алланың айы болғандықтан да мейiрiмдi. Адамдардың күнәлары кешi­рiлетiн мағфират айы. Шағбан – шапағат айы. Бұл айда Бәрат кешi, ғибадат түнi бар. Сондықтан пайғам­барымыз (с.ғ.с.) өзiмнiң айым деп еншiлеп айтқан. Ра­мазан (ораза) – тозақ отынан құт­қаратын ай. Күнәдан арылу үшiн құлшылық ететiн ай. Үмметiнiң айы болатыны сондық­тан.

Қазақтар Ражәбты Ережеп деп ата­ған. Бұл айда нәпiл ораза ұстап, құдайға құлшы­лық еткен адам, Алла жолында, Отан үшiн, дiн үшiн шәһид болған мұ­сылман, жұма намазын қалдырмаған жан,  насихатшы дiни ғалым және Жа­рату­шының жүзiне ғашық болған тақуа, мiне, осы бес түрлi пенде  жан тапсырар сәтi келгенде жайлары жәннатта болады делiнген.

Осы айдың басында, ортасында және соңында 1 немесе 3 күн қатарынан ораза ұс­тау­дың сауабы аса зор. Бұл жөнiнде Мұхам­мед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Шын­дығында жәннатта бiр өзен бар. Оны Ражәб деп атай­ды. Оның суы сүттен ақ, балдан тәттi. Кiмде-кiм  Ражәб айында бiр күн ораза ұстаса, Алла-тағала ол пендесiне осы өзеннiң суын iшкiзiп, дәмiн татқызады» дептi өз хадисiнде.

Ережеп айында көптеген айтулы оқиға­лар болған. Айдың бiрiншi күнi Нұһ (ғ.с.) кеме жасады. Жетiншi күнi Нұһтың (ғ.с.) атақты топан суы басталды. Ере­жептiң 27-сi күнi Пайғамбарымыз Мұхам­мед (с.ғ.с.) Миғражға – көкке көтерiлдi. Осы сияқты дiнiмiзге қатысты бiрқатар тарихи жағдайлар орын алған.

Ережептiң алғашқы бейсенбiсiнен жұмаға қараған кешi Рағайып түнi деп аталады. Бұл да мұсылмандар үшiн қасиеттi деп саналады. Бiздiң тiлiмiзге аударғанда «жақсылық пен игiлiкке толы және аса құнды түн» деген мағынаны бередi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түндi адамның жансарайына шуақ беретiн амалдар жасап, жаратушыға мадақ айтып, шүкiршiлiк келтiрiп намаз оқыған. Рағайып – қасиеттi Рамазан айының келгендiгiн алғаш болып сүйiншiлейтiн түн.

Қадiрлi жамағат! Ережеп айларыңыз мүбәрак болсын. Алланың айында иманды iстер атқарып, ғибадат пен құлшылық жасап, мол сауап табатын амал жасауға асығы­ңыздар.

Ұлт пен дiн тұтастығын сақтау –қазақ елiнiң iргесiн бекiтiп, нығайта түседiАдал жанды азғырған, тура жолдан тайдырған жалған дiндер күннен-күнге  дауыл күнгi өрттей өршiп келедi.  «Вайшнав­тар», «Бахаи» сенiмi, «Бiрлестiк шiркеуi», «Иегова куәгерлерi», «Соңғы өсиет шiркеуi», «Кришнаны тану қоғамы», «Саентология» шiркеуi, «Мормондар», «Сахаджа йога», «Жаңа аспан», «Жаңа өмiр шiркеуi»… тағы да басқа, құлақ естiп, көз көрмеген ағымдар қоғамға жан-жақты қауiп төндiрiп отыр. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVII сессиясында сөйлеген  сөзiнде жастардың жарқын болашағы үшiн, түрлi дiни ағымдарға түсiп кетуден аулақ болуы үшiн жаппай жұмылып әрекет жасауды баса айтқан болатын. «Ойы озық, рухы берiк елдi ешкiм жеңе алмайды», – дедi Елбасы. Қазақстан мұсылмандары Дiни басқармасы  ұлтты жалған дiндердiң қармағынан, алдау-арбауынан аман сақтап қалудың амалын қарастыруда. Басқарманың баспасөз хатшысы Оңғар қажы ӨМIРБЕК осы төңiректе ой қозғайды.

– Мұнан шығатын жол – халықты жаппай дiни сауаттандыру. Бұл бағытта iрi мешiттер жанында қысқа мерзiмдi курстар жүйелi жұмыс iстеуде. Онда жас баладан еңкейген қарттарға дейiн бiлiм алуда. Ал, 9 медресе, 1 қарилар орталығы мен «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениет универси­тетi дiн мамандарын дайындауда. Имамдар­дың бiлiмiн жетiлдiру Ислам институ­тындағы қысқа мерзiмдi 4 айлық курстан өз кезегiмен жер-жердегi үлкендi-кiшiлi мешiттерде қызмет етiп жүрген дiндарла­рымыз өтуде. Ал, алдағы оқу жылынан тағы бiр ислам инс­титуты өз есiгiн ашады деп күтiлуде. Үлкен үмiт жас буында. Сондық­тан бүлдiршiндерге балабақшадан бастап мейлiнше исламға суарылған ұлттық iзгi тәрбие берудi қолға алған абзал. Бұлай деуге үлгi етiп, ой салар­лық нақты бiр мысал келтiрейiк. Ұлыбри­танияда өздерiнiң ұлттық дүниетанымына негiзделген ағылшын шiркеуi бар. Олар өз дiндерiн балаларына қаншама қаржы бөлiп, балабақшадан бастап оқытады. Сол ағыл­шындардан: «Сендер неге осынша ақша шығарып, балаларға дiндi балабақшадан бастап оқытасыңдар?» деп сұрағанда: «Егер бiз қазiрден бастап бала­ларды өзiнiң ұлттық мәйегiмен қоректен­дiрiп үлгермесек, ертеңгi күнi олар басқа, бiзге жат ағымдардың қақ­панына түсiп, бұзыла бастағанда мемлекеттiң тұтастығына қауiп төндiредi, сонда оларды қайтару үшiн бiз мұнан бес-алты есе артық қаржы жұмсаймыз», – деп орнықты жауап берген.

Сүйiктi пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұрпақ тәрбиесiне қатысты өнеге етiп, сүйенер хадистерi жетерлiк. Соның бiрқатарын зерделейiк: «Балаға әкенiң берер ең жақсы сыйы – ол тәрбие»; «Балаға бiр мәрте көңiл бөлiп, тәрбие беру – бiр сағ (2120 грамға тең) көлемiнде садақа бергеннен де жақсы»; «Кiмде-кiм жылаған баланы жұбатса, Аллаһ тағала жәннатта оған қалағанынша сый-сыяпат бередi», – деп балаға көңiл бөлудiң мейлiнше сауаптылығын қаперге салады. Шығыс халықтарының: «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесi одан да қымбат» деген нақылының мәнi аса терең. Олай дейтiнiмiз, тәрбиелi ұрпақ – ата-ана мақтанышы. Ел ертеңi де рухани қайнардан сусындаған ұлттық рухы кемел, өнегелi тәрбие көрген ұрпақ қолында екенiн есте ұсталық. Қай ұлт болмасын өз болашағын аманат етiп тапсыратын тектi, саналы ұрпақ өсiре алмаса, оның келешегi бұлыңғыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесiне, ұлт болашағына ең алдымен әрбiр ата-ана жауапты. Ал, бiздегi ата-аналардың денi кешегi атеизм шекпенiнен шыққан. Одан қандай тәрбие күтемiз? Өзiнде жоқты бере ала ма? Мiне, мәселе қайда жатыр? Ұлттық тәрбиенiң көзi – дiн тұрмақ, тiлiмiз­дiң жыры әлi күнге бiтер емес. Оның қашанға дейiн созыларын, кiм бiлсiн?! Ал, бала ойы­ның таяз, жетесiз әрi парықсыздығы үшiн кiнә­нiң тәрбиелеушiге артылуы тектен-тек пе?! «Бала iстеген қателiктiң өтеуiн тәрбиешi көтерсiн» деген парсы мәтелi осыған саяды. Сондықтан да перзентiнiң өзiнен оза тууын қалаған мұсылман ұрпағының тәрбиесiне зор жауап­кершiлiкпен қарайды. Ойға салып көр­сек, қазақтың бүкiл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ер­тегi, аңыздары, мақал-мәтелдерi, жыр-терме­лерi, тiптi жұмбақ-жаңылтпашта­рына дейiн ғибратқа толы екенiн бағамдау қиын ба?!

Кешегi кеңестiк заманда ежелгi қазақ қоғамында берiк қалыптасқан ұлттық тәрбие жүйесiнiң қағажу қалуынан сапасы төмендеп кеттi. Қазiр де мәз емес. Бұған – есiрткiге тәуел­дiлiк, iшкiлiк пен темекiге әуестiк, әсiресе жасөспiрiмдер арасында бұзақылық пен қылмыстың өршуi дәлел. Себебi де жетер­лiк. Кәсiпкер әкеге күнкөрiс кәсiбi, алыпсатарға тауары, шенеунiкке қызметiнде жоғарылай түсер лауазымы қымбат. Ана­сының үй тiршiлiгiнен қолы босамайды да, ба­ла­ға қарауға уақыт таппайды. Бүгiнгi жұрттың бәрi үңiле қарайтын теледидардағы сериалдар мен мультфильмдердiң денi – атыс-шабыс, төбелес, қирату, зорлық-зомбылық әлi көз­қарасы мен санасы қалыптаса қоймаған балаға зияннан өзге пайдасы жоқ. Бұған нақты дерек келтiрелiк. Ұлыбрита­нияда теледидар­дың әсер-ықпалы туралы жазылған 2286 мақаланы сараптаған зерттеу­шiлердiң көбi: «Теледи­дардан көрсетiлетiн қатыгездiк пен озбырлық әрекеттер көрер­менге де әсер етедi» деген пiкiрге келген. Әсiресе, сезiмтал, тез қа­был­дағыш бала сана­сында күштi әсер қалды­рады. Бала теледи­дардан көргенiн iстейдi, жағымды да, жағым­сыз да қылық пен iс-әре­кеттi үлгi деп қабыл­дап, елiктейдi. Ал, Амери­када 8 бен 30 жас арасындағы адам­дардың өмiрi зерттел­генде бала кезiнен төбелесi көп кино­ларды көрiп өскендерiнiң мейiрiмсiз, тас­жүрек, қылмыс жасауға бейiм келетiнi анық­талған. Ал, солардың отбасы құрғанда өз пер­зент­терiн сотқар етiп өсiретiн­дiктерiмен қой­май, қит етсе күшпен жаза беруге де дайын тұра­тыны байқалған. Мұнан шығатын қорытынды – бала тәрбиесi дұрыс жолға қойылмаса, ата-анасына күйiк. Бұдан ұлттық салт-дәстүр мен дiнiмiздегi тәрбие құнды­лықтарынан қанша­лық қашықтағанымыз сезiлмей ме?

(Жалғасы бар).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *