Иттiң де итi бар

Жапонияның Сибус стансасында Хатика деген итке орнатылған ескерткiш бар. Токио университетi профессорының итi өзiнiң қожайынына деген сенiмi, сүйiспеншiлiгi арқылы ел есiнде қалды. Қожайыны қайтыс болған тоғыз жыл бойына ол иесiн стансада тапжылмай күтiп отырған. Бұл туралы Ричард Гир түсiрген арнайы фильм бар.

***

Тольяттиде де ел аузында Верный аталып кеткен итке ескерткiш қойылған. Бұл ит 1995 жылы жол апатынан аман қалған. Жұрттың айтуынша, көлiк iшiнде осы ит пен оның қожайындары – жас ерлi-зайыптылар болған. Әйел адам бiрден қайтыс болса, ер адам екi сағаттан кейiн ауруханада көз жұмған. Ит тiрi қалған. Жергiлiктi тұрғындар оны үйiне алып кетпек болады, бiрақ ит оған көнбей, 2002 жылға дейiн жол бойында қожайындарын күтiп отырған. Бұл ескерткiш соның белгiсi.

Қазақ иттi жетi қазынаға жатқызады. Сiрә, сол тегiн болмаса керек.

Ресейде маскүнемдiктi

жеңуге бола ма?

Ресейде бұл мәселемен күрестiң басталғанына бiраз уақыт болды. Арнайы мамандардың зерттеуiнше, ең iшкiш халық орыстар емес екен. Орыстың арақ iшу тарихы басқа елдермен, оның iшiнде Еуропа елдерiмен салыстырғанда түкке де тұрмайтын көрiнедi. Басқа елдердiң мың­даған жылдық тарихына қарағанда орыс­тар соңғы үш жүз жылда ғана бұл кесел­мен әуестене бастаған екен. Соңғы жүз жыл­дың iшiнде Ресей бодандығында болған елдер олардан басып озып кеткен көрiнедi.

Дейтұрсақ та, бұл мәселе Ресей үшiн күн тәртiбiнен түскен емес. Тiптi, орта мек­тептерге дiн пәнiн енгi­зудiң астарында да онымен күресудiң бiр жолы жатыр. Таяуда «Комсо­мольская правда» бұл тақы­рыпқа қайта оралып, белгiлi адамдарға сауал қойып, әлеумет­тiк зерт­теулер жүргiздi.

«Маскүнемдiктi жеңуге бола ма?« деген сауалға әркiм әртүрлi жауап бередi.

«Алкоголизм орыстың қанын­да бар дегенге мен сенбей­мiн. Мектепте, жоғары оқу орында­рында осы жөнiнде көп айту ке­рек», «қоғамда араққа деген көзқарасты өзгерту керек. Кейде iшпейтiн адамдарды жетiлмеген, ой-санасы өспеген, тiптi ауру деп есептейтiндер бар», «егер адамның өзiнде ниет болса, оны жеңу түк те емес, бұл бiздiң өмiр сүру салтымызға айналып кеткен, сондықтан соғыста жең­ген халықтың арақты жеңе алмай­тынына таңқаласың», «Ресейде құрғақ заң 1914 жылы патшалық тұсында және 1985 жылы Горбачевтiң кезiнде болды. Мұның екеуi де мемлекеттiң күйреуiмен аяқталды. Сон­дық­­тан маскүнемдiкпен күресудiң тәсiлiн ойлап тапқан адам әзiрге жоқ».

Мiне, сауалнамаға жауап берушiлердiң денi осылай дейдi.

Адам үмiтсiз емес, әрине. Кiм бiледi, бiр күнi арақты жойған адамға да ескерткiш тұрғызуы әбден мүмкiн ғой.

Мұндай шайқас бiзде

де болмап па едi?!

Маусым айында Ресейде «Бородино шайқасы» атты мұражай-панораманы күрделi жөндеуге байланысты жаппақшы. Астаналық билiк оның жөн­­деуiне 20 миллион рубль бөлiп отыр. Оның бiр ерек­ше­лiгi, 2011 жылы жел­тоқ­санда ашылғанда мүге­дектер үшiн арнайы көтерме құралдары да бiрге жасалмақшы.

Бұл атақты панора­маны 1913 жылы Ни­колай Екiн­шiнiң тап­сыр­масымен Франц Руб деген кiсi жаса­ған. Мiне содан берi жөндеу көр­меген бұл панорамаға қайта жөндеу өте-мөте қажет. 2012 жылы «Бо­ро­­дино шайқасына» 200 жыл толады. Қысқасы, бұл па­но­рама-мұра­жайдың қайта жөнделуi орыс рухын одан сайын биiктете түсетiнi сөзсiз.

Егер көрсете бiлсек, бiздiң қазақта да мұндай шайқас болмап па едi. Мәселен, Орбұлақ, Аңырақай шайқасы дегендей.

Әзiрлеген – Ж.ҚҰДЫС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *