Иманғали Тасмағамбетов Универсиада нысандарының әзірлігін тексерді

idi_6645

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, 28-Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардың өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардың әзірлігін тексерді.

Вице-премьер Универсиаданың спорттық нысандары мен инфрақұрылым нысандарын қарап шықты, функционалдық бағыттардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Көшпелі кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов Алматыдағы Медеу ауда­нында орналасқан 3 мың орындық «Халық Арена» спорт кешеніне, Универ­сиада өтетін Атлетикалық қалашыққа, «Алматы Арена» мұз айдыны сарайына, «Сұңқар» ХШТК, «Медеу» мұз айдынына және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды. Сонымен қатар, «Табаған» спорт-сауық­тыру кешені мен «Алатау» шаңғы биатлон кешенінің жаңғыртылуы және дайындық барысымен танысты.

Алда өтетін Универсиада нысандарының әзірлігі туралы айта келе, вице-премьер спорттық сайыстарға нысандардың дайындық қарқынына көңілі толатындығын білдірді және бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетов мұндай ауқымды іс-шараның өткізілуі сайысты ұйым­дастыру және барлық мүдделі құрылымдар мен ведомстволардың жұмысы тұрғысында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететінін атады.

Иманғали Тасмағамбетов іс-шараны өткізу және сайыс қатысушыларын қабыл­дау аясында қала инфрақұрылы­мының әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігіне, сондай-ақ, Универсиада қонақтарының қауіпсіз және жайлы орналасуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне баса назар аударды. Бұл ретте, ол көлік-логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету өте маңызды екенін көрсетті.

– Универсиаданың басталуына аз ғана уақыт қалды. Барлық кезеңдегі жұмыс жоғары деңгейде жүріп жатыр. Инфра­құрылым, қатысушыларды және қонақ­тарды қабылдауға байланысты ұйымдас­тыру мәселелеріне баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік, энерге­тикалық жеткіліктілік пен көлік жүктемесін қоса есептегенде, халықаралық іс-шараның кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қалалық қызметтердің толық әзір болуы өте маңыз­ды. Ең бастысы, Алматыға ағылатын қо­нақ­тардың көптігін және спортшы­лардың, жаттықтырушылар штабы мен тілшілердің сайыс өтетін орынға және қонақжайларға барып-келуін есепке алғанда, бұл азаматтар үшін қолай­сыздық туғызбауы тиіс, – деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Айта кету керек, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары  Иманғали Тасмағамбетов пен Алматы қаласының әкімі  Бауыржан Байбек  «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына қатынайтын Shuttle Bus экологиялық таза көлікпен жүрді.

2017 жылы өтетін  Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы спорт нысандарын  аралап көріп, өзінің жұмыс сапары аясында экокөліктің жайлылығын да тексерді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *