Елбасы шетелдік инвесторлармен кездесті

1114Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті, бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті.

 

Ақорда сайтының мәлімдеуінше, кездесу кезінде мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау мен өзге де саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты талқыланған.

Мемлекеттік басшысы компанияның еліміздегі белсенді инвестициялық қызметі мен оны одан әрі қарай кеңейтуге әзірлікті атап айтты. Президент  локомотив құрастыруға байланысты бірлескен кәсіпорын өнімдерін сыртқы нарыққа шығарудың маңызын айрықша атады.

Еліміздегі ең шетелдік компанияның бірі – «Дженерал Электриктің» тұтынушысы мен серіктесінің сапына  өңірлеріміздегі 200-ден астам компания мен ұйым кіреді. Алматыдағы «Дженерал Электриктің» өкілдігі 1994 жылы ашылған.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *