Досым неге телефонын өшіріп тастады?

 

Бір жігіт досына қоңырау шалып, апасының науқастанып жатқанын айтып, дәрі-дәрмекке ақша сұрапты. Досы:

– Жарайды, көп уайымдама. Ақша түстен кейін болады, – депті.

Түстен кейін әлгі жігіт досына қоңырау шалса, өшірулі тұр. Қайта-қайта звондап, досын ала алмаған жігіт ақша таппай түңіліп, қас қарая үйіне келеді. Керек қаражатты таппағанына, досының мұны алдап телефонын сөндіріп тастағанына күйініп, үйіне кірсе, апасы пысылдап ұйықтап жатыр. Қасында дәрі-дәрмегі. Аң-таң болған жігіт келіншегінен:

– Бұл дәрілерді қайдан алдың? – деп сұрайды. Келіншегі:

– Сенің досың үйге келіп, дәрілердің тізімін алып кетіп, барып алып келді. Апам ішіп алып ұйықтап жатыр. Қазір жақсы, – депті.

Досының ісіне сүйінген жігіт үйіне іздеп барып:

Рахмет саған, досым! Қоңырау шалып ала алмадым. Өшіріп тас­тапсың, – десе, досы: – Мен телефонымды сатып, апаңа дәрі апарып бердім. Сондықтан өшірулі болды, – деген екен. Бәрімізге осындай бекем достықты нәсіп етсін!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close