CУДАН ҚҰТҚАРУ

қызметкерлері жетіспейді

Айнабай МӘДИ

1113Шаһарымыздың халқы 1,5 млн. адамнан әлдеқашан асса да, судан құтқару қызметкерлері жетіспейді.

– Судан құтқару қызметі – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты мекеме. Бүгінгі жастар бұл қызметке жалақысына қарап бармайтын болуы мүмкін. Әлбетте, бұл – менің жеке пікірім. Оның үстіне, көптеген жастарды  мемлекеттік мекемеде қызмет ету қызықтырмайтын тәрізді, – дейді Судан құтқару қызметінің тәжірибелі маманы Марат Сұлтанбаев.

Ойы он сақта жүрген жас жігіттердің мұндай қызығынан шыжығы көп қызметке белді бекем буып бара қоюы екіталай. Оған қоса, бұл қызметке алдымен мықты денсаулық, сосын табандылық қажет.

– Өзі өлім мен өмірдің ортасында арпалысып жатқан адамды судан құтқарып қалу – еңселі екі жігіттің бірінің қолынан келмесін жастар жақсы түсінеді. Бұл қызметтің отымен кіріп, күлімен шығу – асқан төзімділікті талап етеді. Бейімі бар адам ғана қызметте қажырлылық танытады. Айтайын дегенім, Алматы қаласы бойынша 25 сүңгуір (құтқарушы дегенім) ғана жұмыс істейді. Менің ойымша, бұл көрсеткіш – бір жарым миллион адамға өте аз. Қызметке келгендердің көбі дене тәрбиесі, моральдық-психологиялық қысым мен қиыншылықты көтере алмайды. Жаңадан келген қызметкерлер төтенше жағдай аумағында болып, қиындықты көтеруге шыдай алмайды, – деді тәжірибелі судан құтқарушы М.Сұлтанбаев. 

Судан құтқарушылар оқыс оқиғаның басым бөлігі адамдардың өз өміріне немқұрайлы қарауынан туындайтынын айтады. Ересектер мас күйінде суға кетсе, балдырғандардың аяғы балдырға оралып, суға тұншығуда. Бұл да бейқамдықтың салдары.

 

Керек дерек

 

Былтыр Алматы маңындағы өзен-көлдерде, су қоймалары мен тоғандарда 7 адам суға кетті.

Суға тұншыққан 30 азамат дер кезінде құтқарылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *