Болашақ Баландиндер үшін

Алматыда тегін жүзу сабақтары басталады

Маусымның 4-і мен тамыздың 31-і аралығында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында алып шаһарда  8–12 жас аралығындағы балалар арасында жүзуден тегін сабақтар өтеді.

Кәсіпқой бапкерлер жеткіншектерді бассейндермен қамтылған алты спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар Сейфуллин данғ., 404 – Aquastars, Тими­рязев көш., 41 – Aquastars (Республикалық спорт колледжі), Яссауи көш., 1Б – Aqua­stars, Өтеміcұлы көш., 1 («Шаңырақ» ықшамауданы), Алғабас-1 ықшамауданы (Almaty Arena), Сортировочная көш., 4 – «H20» мекен-жайларда орналасқан. Бала­лар топтарға бөлінеді, бағдарлама бойынша әр балаға 12 жаттығу қарастырылған.

Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысады. Осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Айта кетсек, тіркелу үшін туу туралы куәлік копиясы, медициналық анықтама, ЖСН болуы тиіс және ата-аналардың байланыс телефондары міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Толық мәліметті мына байла­ныс телефондары арқылы аласыздар (тек жұмыс уақытында):

+ 7 777 247 38 22 – Анна.

+ 7 775 527 43 87 – Ержан.

 

Дина Шәріпханова,

Нұрила Ермекбаева.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close