Бокс финалы – 15-желтоқсанда

Өткен жұма күнi Қазақстан бокс федерациясы кубогын ың жартылай финалдық бәсекелерi өттi.

Алматы облысының былғары қолғап шеберлерi Шымкентте оңтүстiкқазақстандық боксшылардан 3:7 есебiмен жеңiлiп қалды. Ал екiншi жартылай финалда Көкшетауда Ақмола облысының спортшылары маңғыстаулық қарсыластарына 4:6 есебiмен есе жiбердi.

Сөйтiп, Қазақстан бокс федерациясының биылғы кубогын Оңтүстiк Қазақстан және Маңғыстау облыстарының былғары қолғап шеберлерi сарапқа салатын болды. Ақтық бәсеке 15-желтоқсанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенiнде өтедi. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы финалды тiкелей эфирден көрсетедi.

Әзiрлеген – С.ӘБДIҒАППАРҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *