БЕЛСЕНДІ ДЕ САЛАУАТТЫ БАЙЛАНЫСШЫЛАР

«Алматытелекомда» дәстүрлі жазғы спартакиада өтті

Телекомдықтар биылғы жазғы спартакиаданы маусым айының басында өткізді. «Балаларды қорғау күніне» орайластырылған іс-шарада. Осыған орай байланысшылардың балалары арасында (7–13 жас) мини-футболдан жарыс ұйымдастырылып, жасақталған үш команданың барлығы жеңімпаз деп танылып, филиал атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жазғы спартакиада екі қалада – Алматы мен Талдықорғанда ұйымдастырылып, 500-ден астам телекомдық қатысты.

Нұрлан СҮЙІН

Спартакиада бағдарламасы бойынша байланыс­шылар мини-футбол, баскетбол, гір спорты, армрест­линг, дойбы, жүгіру, секіру, турникке тартылу, т.б. спорт түрлерінен сайысты.

– Біз белсенді түрде спорт­пен айналысатын қыз­мет­кер­лерге қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасап келеміз. Фи­лиалдың бүгінде дәстүрге ай­налған жазғы, қысқы спартакиа­даларын, футбол, басқа да жа­рыстарын бұдан әрі де жалғас­тыра береміз, – деді «Алматы­телеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов.

Ересектер арасындағы мини-футбол жарысына Алматы қаласы мен облыстан 20-дан астам команда қатысты. Фи­налда Техни­калық қызмет көрсету орталығының коман­дасын жеңген Энергетика және климатехникалық орталықтың командасы жеңімпаз атанды. Үшінші орында – Техникалық қолдау орталығы командасы.

Талдықорғанда өткен футбол жарысында орындар төмен­дегідей болды. Бірінші және екінші орындарды Желілік ресурстарды техникалық қолдау орталығының екі командасы өзара бөлісті. Үшінші орында – Алакөл ауданы байланысшылар командасы.

Баскетбол додасында да 1-орынды Желілік ресурс­тарды техникалық қолдау орталы­ғының командалары иеленді. Екінші орында – Талдықорған автобазасы командасы, үшінші орында – Ұйғыр және Алакөл аудандары командалары.

Баскетбол командаларының үздік ойыншылары «Алматы­телеком» ӨТД құрама коман­дасын жасақтап, «Қазақ­теле­ком» АҚ баскетбол турниріне қатысады.

Спартакиада нәтижесінде командалық емес спорт түр­лерінің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері мен бұған дейін өткізілген волейбол, үстел теннисі жарыстарының жүлде­герлері «Алматытелеком» ӨТД кубоктары мен марапаттарына ие болды.

«Балалар күніне» орайлас­тырылған жазғы спар­такиадада филиал қызметкерлерінің балалары да қарау­сыз қалмады. «Байланыс» кәсіподағының ұйымдас­тыруымен балаларға арналған ойын-сауық бағдар­ламасы жасалып, «отбасылық суретшілер шеберлік сабағына» қатысты. Ата-аналары сайысып жатқанда балалары түрлі конкурстар мен ойындарға қатысып, ән салып, би биледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *