«БАЛҚАШ АРАЛДЫҢ КЕБІН КИЮІ МҮМКІН»

Қытай Қазақстандағы Балқаш көліне Іле өзенінің құйылуын тежей бастаған көрінеді. Себебі, мұндағы басты мәселе – Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану жайлы келісімнің жоқтығында болып отыр екен. Соның кесірінен Қазақстан Қытай жіберген суға ғана тәуелді болуға мәжбүр болып отыр.

Демек, жақын жылдарда Аралдың тағдыры Балқаштың да басынан өтуі мүмкін екен. Бұл жайлы Орталық Азия су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияда жан-жақты айтылды. Оған қатысқан Қазақ­стан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз­стан және Түркіменстан ғалымдары Арал бассейні мен Балқаш көліне төнген үлкен қауіпке кеңінен тоқталып өтті.

Мұндағы басты мәселе – әлі күнге дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы нақты бір келісімнің жоқты­ғында болып тұр екен. Соның кесірінен Қазақстан Қытай жіберген суға ғана тәуелді болуға мәжбүр. Ал трансшека­ралық өзендерді пайдалану туралы келісімге Қытайдың өзі қол қоймағаны мәлім. Ал бұл ретте ғалымдар 2020 жылы Қазақстанға Қытайдан ағып келетін өзендердің жылдық мөлшері 81,6 текше шақырым болған болса, 2030 жылы бұл көрсеткіш 72,4 текше шақырымға дейін азайып кетуі мүмкін деп отыр.

Сондықтан да «Қазгипроводхоз» институтының директоры Анатолий Рябцев: «Қазір Қытай суармалы жерлерді кеңейтуге қатты көңіл бөліп отыр. Соның салдарынан бір жылдың ішінде ондағы суармалы егістіктің аумағы 2 млн. гектарға дейін көбейген. Ал Іле өзені қазіргі уақытта Қытайдағы егістіктің 1 млн. гектарын суарып отыр. Сөйтіп, Іленің суы жыл өткен сайын азайып барады. Бұл көрші ел Қазақ­станға кәдімгідей сезіліп жатыр. Өйтке­ні, Іле өзені Балқаш көліне құятын судың 80 пайызын әкелетін арна. Сондықтан да ғалымдар Балқаш та Аралдың кебін киюі мүмкін деп шырыл­дап отыр. Қазіргі таңда қазақ-қытай комиссиясы осы мәселе бойынша жұмыс жасап жатыр. Бірақ та бәрібір де көп нәрсе көрші елдің қолында болып тұр», – дейді.

Әрине, Қытай елі қазір егістікті суару­дың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданады. Сондықтан да олар суды үнемдей алады. Дегенмен, Қазақстан­дағы шаруалар әлі күнге дейін егінді атызбен суарады. Оның үстіне, Қытай­дағы магистральды арналардың көбі бетонмен салынғандықтан, су ешқайда кетпейді. Ал Қазақстанда мұндай жағдай жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *