Бақытжан САҒЫНТАЕВ: БІЗ ЖАСТАРҒА «АЛМАТЫ АРМАНЫН» ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Барды бағалай білу елін, мемлекетін сүйген әрбір азаматтың қасиетті борышы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады. Мегаполис – елордалық дарынды балалар мен жастарды жан-жақты қолдау жөніндегі Елбасы бастамасын жүзеге асыру аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырған екінші қала. Бірінші марафон айдың басында Ақтөбеде өткен болатын.

Ерекше оқиғаның басты кейіпкерлері – ғылым, мәдениет, спорт, іскерлік және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен жас қазақстандықтар. Бұл – Алматы, Шымкент, Жамбыл және Түркістан облыстарынан шыққан 3000-ға жуық белсенді, көшбасшылар мен өнертапқыштар. Марафон жас ұрпақ пен өз саласындағы кәсіпқойлардың шексіз әлеуетін, жетістікке жетудегі талпынысы мен ел дамуына қосқан үлесін көрсетіп, жұртшылыққа паш ету.

«Халық арена» спорт сарайында өткен жастар марафонында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қазақстандық жастардың жетістіктерін атап өтті.

Әсет Исекешев марафонға қатысушыларға арнаған сөзінде «Ел үміті» бастамасының басты мақсаты – республиканың түкпір-түкпірінен – қалалар мен ауылдардан, түрлі саладағы дарынды балалар мен жастарды тану әрі қолдау екенін айтты.

– «Ел үміті» бастамасы аясында үздік білім беру ресурстары, тесттер мен қызметтер аясында жинақталады. Олар барлық жанға ақысыз негізде қолжетімді. Сонымен қатар, Қазақстанда және шет елде тағылымдамалар, жоғары оқу орындарына түсуге гранттар, ауылдық жерлердегі балаларға, дарынды балаларға, олимпиадалардың жеңімпаздарына және ғылымның, инновацияның, мәдениеттің түрлі салаларында арнайы сыйлықтар беру жоспарлануда, – деді Ә.Исекешев.

Алматы «Ел үміті» марафоны өткізілген екінші қала болып қана қойған жоқ. Мұнда 700 мыңға жуық жас тұрады, яғни қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Соның 230 мыңнан астамы студенттер. Олар Алматының 39 жоғары оқу орны мен 81 колледжінде білім алуда.

  • «Ел үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі. Әркімнің тағдыры өз қолында. Көшбасшы болуға, болашаққа батыл мақсаттар қойып, соған қол жеткізіңіздер, – деп жиылған жастарға дем берген Бақытжан Сағынтаев Алматыда жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтер жалға берілетіндігін атап өтті.
  • Талант пен энергия, креативті шығармашылық қабілеттер бұл біздің қаламыздың басты артықшылығы болып табылады. Біз мұны түсінеміз және жоғары бағалаймыз. Елбасының тапсырмасы аясында Алматыда жұмыс істейтін жастар үшін биыл 1050 пәтер жалға беріледі. 2020 жылдан бастап біз «Алматы жастары» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырамыз және пәтер бөлуді жылына 1000-ға дейін арттырамыз. Алматы жастар мәселелерін шешеді: жұмыс береді, кәсіби шеберлігін арттырады, бизнес бастамаларын қолдайды. Біз жас ұрпақ өздерінің «Алматы арманын» жүзеге асыра алатындай етіп өз қаламызды дамытамыз. Сондықтан «Ел үміті» марафоны қала үшін стратегиялық маңызды деп санаймын, – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, «Ел үмітінің» қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Үкімет, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастықпен бірге көшбасшылық бағдарламаларды іске асырып, білім беру ресурстарын дамытады және дарынды балалар мен жастарды анықтауға арналған барлық шараларды ұсынады.

Форум аясында Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Алматының белсенді жастары Елбасының ғылым мен білім, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика және қоғамдық өмір салаларындағы қол жеткізген табыстары туралы әңгімеледі.

Кезекті жастар марафоны енді Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

 

Тақырыпқа орай

Ел үмітін арқалаған дарынды жастардың арасында 1997 жылғы Дамир Нұркежанов Алматы облысынан келген. Ол өткен жылы «Іnclusіve ІT» әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, 1 млн. теңге ұтып алған жеңімпаз.

«Future ІT» робототехника оқу орталығының негізін салушы. Көптеген инновациялық байқаулардан орын алған.

2002 жылғы Әйгерім Құсбек шаш үлгісі, тырнақ эстетикасы, макияж бен кірпік өсіруге байланысты өткен ІІ республикалық ашық чемпионаттың «Әйелдерге қызмет көрсететін шебер» номинациясының 1-орын иегері.

Ақмолда Сайрамкез ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы.

1999 жылғы жамбылдық Дастан Бейсебаев жас кәсіпкер. Құлпынай өсірумен айналысады. Дияс Қанафин болса, жылыжай бизнесін жүргізіп отырған жас кәсіпкер. Көкөністер мен саңырауқұлақ өсіріп, табыс тауып отыр. Нұрдәулет Жеңсікбай бөдене мен бройлер өсіріп, құс шаруашылығын дамытуда. Ержан Жұмаділов республикалық «Үздік педагог» байқауының 2017 жылғы жеңімпазы. Республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *