Бақытжан САҒЫНТАЕВ, қала әкімі: «Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу»

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграм парақшасында «Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу» деп жазады.
Айтуынша, басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейген. Бұл ретте «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді екен.
«Бұдан өзге медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді. Сондай-ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады.
Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу» деп жазды шаһар басшысы.

Дайындаған – Мәншүк БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *