Бұзақы аю

Бір бұзақы аю өткен-кеткенге соқтықпай құр жібермейтін болыпты. Сол өңірдегі тәртіпсіздіктің бәрі соның атымен байланысты бола бергесін үлкен аю оған келіп: – Балам, саған тентектігіңді қой демеймін. Бірақ сен былай жасап көрші. Бүгіннен бастап жұртқа жақсылық жаса да, әр жасаған жақсылығыңның есебі ретінде бір тастан қапшыққа салып отыр. Қапшық тасқа толғанда маған көрсет. Жарай ма? – дейді. «Оның қиын несі бар?» деп ойлаған бұзақы аю келісе кетеді. Сонымен жас аю күнде жақсылық жасап, қапшықты тез толтырып, үлкен кісіден құтылғысы келеді. Ал бұзықтықты сосын да үлгереді… Бір ай уақыт өткенде қапшық та толады. Бұзақы аю үлкеннің алдындағы міндетін, уәдесін аман-есен орындап, енді өзінің «сүйікті ісімен» айналысайын десе, жамандық жасай алмай қалыпты. Бір ай бойы тек жақсылық жасаумен болған кісі жамандықты жатырқайды екен.

Пернегүл Үсенова.

 

P.S. Рамазанда өзін теріс істерден тыйған әр адам имандылыққа біртабан болса да жақындайтын көрінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *