«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымына орналасу тәртібі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 және 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрықтарына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатып қайта кіретін азаматтар конкурстық  іріктеу кезеңінен өтеді:

  1. Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасы заңдарын тапсыруға арналған тестілеу;
  2. Жеке қасиеттерін бағалау;
  3. Соңғысы, белгілі бір мемлекеттік органдарда әңгімелесу.

Жеке таратып айтсақ, бірінші және екінші кезеңдегі тестілеу, электронды түрде өткізіледі. Ол үшін азаматтар ЖСН-ін көрсете отырып, «egov.kz электронды үкімет порталы» немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тестілеу­ден өтуге өтініш бере алады. Өтініш берген кезде азаматтар тест тапсыру үшін аптаның жұмыс күнін, уақытты және Қазақстанның кез-келген қаласын таңдауға мүмкіндік алуына болады. Сонымен қатар, өтініш берер кезде азаматтар тестілеу бағдарламасын таң­дауға мүмкіндіктері бар. Тестілеу бағдар­ламасы әкімшілік мемлекеттік қызметтің бағдарламалары бойынша үшке бөлінеді.

1-бағдарлама бойынша басқарма басшы­ларынан бастап жоғары тұрған бос лауазымға тапсыруға болады (ҚР  он Заңы бойынша); 2-бағдарлама бойынша бөлім басшысы, бас маман бос лауазымына арналған тестілеу (ҚР  тоғыз Заңы бойынша); 3 -бағдарлама бойынша (ҚР  жеті Заңы бойынша) жетекші маман  бос лауазымына арналған тестілеу.

Егер азаматтар өздері таңдаған бағдарлама бойынша тестілеуді сәтті аяқтаса, сертификат алып, екінші кезеңге өтеді. Егер тестен өте алмаған жағдайда анықтама беріліп, бір айдан соң қайта тесті тапсыруға мүмкіндік алады. Екінші кезеңде жеке басты бағалау бойынша логикалық тест тапсырады. Тест 150 сұрақтан тұрады. Олар – стресске орнықтылық, баста­машылық, жауапкершілік, қызметті тұтыну­шыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынты­мақтастық және әрекеттестік, қызметті бас­қару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стра­тегиялық ойлану, өзгерістерді басқару. Әкім­шілік мемлекеттік қызметке кіруге арналған логикалық тесте де өту деңгейі көрсетілген. Егер азаматтар әкімшілік мемлекеттік қыз­метке арналған логикалық тест бойынша 50 пайыз және одан көп пайыз жинаса, тестен сәтті өткен болып есептеледі. Сертификат пен қорытындының жарамдылығы бір жыл болып есептелінеді. Логикалық тестен өтпеген жағ­дайда бір айдан соң қайта тапсыруына болады.

Азаматтар сертификат пен қорытындыны алған соң, орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру бойынша, көрсетілген санаттар серти­фикаттағы көрсетілген санаттарға сәйкес болса, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар жариялаған мемлекеттік органдарға құжаттарын тапсыра алады. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын өздері, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәланды­рылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссия­сымен әңгімелесуден өтуге жіберіл­мейді. Сертификат пен қорытынды құжаттар тізіміне кірмейді, оларды конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі «Е-қызмет» электронды жүйесі арқылы көрулеріне болады.

Ең төменгі лауазым – мемлекеттік орган­ның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сәйкес ең төменгі тұрған санат болып табы­латын, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік лауазымы.

Егер азаматттар құқық қорғау органдары бойынша тестке өтініш бергілері келсе, ол жерде де 3 бағдарламаның біреуі бойынша өтініш беріп, электронды түрде тест тапсыра алады. 1-бағдарлама бойынша прокуратура органдарына, бөлім басшысынан бастап жо­ғарғы тұрған офицерлік лауазымға (ҚР  тоғыз Заңдары бойынша), 2-бағдарлама бойынша офицерлік қатардағы қызметке (ҚР  жеті Заңдары бойынша), 3-бағдарлама бойын­ша сержанттар шені қатардағы қызметке (ҚР  үш Заңдары бойынша) тест тапсыра алады. Аза­маттар тесті өздері таңдаған бағдарлама бойын­­ша сәтті аяқтаса, сертификат алып, екін­ші кезеңге өтеді. Сертификаттың жарам­ды­лығы бір жылды қамтиды. Екінші кезеңде жеке басты бағалау бойынша логикалық тест тапсырады. Логикалық тест тапсыруда өту деңгейі көрсетілмеген. Тек қауіпті аймақ – қара сызықтардан, жиналған балл көп болса, әңгімелесу кезінде ескерілуі мүмкін.

 

М.МАДИХАН,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *